https://sputnik.kz/20231020/nazarbaevtyn-eks-qudasynyn-zhazasy-zhenildetildi-39543211.html
Назарбаевтың экс-құдасының жазасы жеңілдетілді
Назарбаевтың экс-құдасының жазасы жеңілдетілді
Sputnik Қазақстан
Боранбаев бұған дейін алты жылға бас бостандығынан айырылған еді, енді бостандыққа шығып пробациялық бақылауда болады 20.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-20T18:40+0500
2023-10-20T18:40+0500
2023-10-20T19:05+0500
назарбаев
сот
https://sputnik.kz/img/525/14/5251487_0:0:2630:1480_1920x0_80_0_0_772a89544b6075ccfe5b5ae3aa49a51f.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ақмола облысының соты 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот шешімі бойынша ол пробациялық бақылауда болады.Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді: Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаев 2022 жылы наурызда қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаев өз еркімен мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарғанын мәлімдеді. Олардың арасында мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй және сауда ойын-сауық кешендері бар.Бұдан кейін Қайрат Боранбаевтың мемлекетке кеңсе үй-жайларын, сауда-ойын-сауық кешенін және дене шынықтыру-сауықтыру желісін қайтарғаны хабарланды. Оның ішінде құны 33,75 млрд теңге болатын нысандар бар.Боранбаев сонымен қатар тау кен орны мен газ тарату компанияларын мемлекетке қайтарды. Сондай-ақ құны 14 млрд теңге болатын газ тарату компаниясы да мемлекет меншігіне өтті. Астананың сол жағалауындағы қонақ үйін өз еркімен мемлекетке берді. Боранбаев – ірі кәсіпкер, Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's жылдам тамақтану желісінің және тағы басқа ірі компаниялардың иесі. Оның қызы Әлима 2020 жылы жазда Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтыс болған жиені Айсұлтанға тұрмысқа шыққан.
https://sputnik.kz/20230104/qayrat-boranbaev-sotta-kinasin-moyyndagan-zhoq-30852544.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/525/14/5251487_201:0:2545:1758_1920x0_80_0_0_3b15ebc9987127e9a3e4a36613bdf9ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, сот
Назарбаевтың экс-құдасының жазасы жеңілдетілді
18:40 20.10.2023 (жаңартылды: 19:05 20.10.2023) Боранбаев бұған дейін алты жылға бас бостандығынан айырылған еді, енді бостандыққа шығып пробациялық бақылауда болады
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ақмола облысының соты 6 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбавтың жазасын жеңілдетіп, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот шешімі бойынша ол пробациялық бақылауда болады.
Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:
сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;
мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;
қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаев 2022 жылы наурызда қамауға алынды. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаев өз еркімен мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарғанын мәлімдеді. Олардың арасында мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй және сауда ойын-сауық кешендері бар.
Бұдан кейін Қайрат Боранбаевтың мемлекетке кеңсе үй-жайларын, сауда-ойын-сауық кешенін және дене шынықтыру-сауықтыру желісін қайтарғаны
хабарланды. Оның ішінде құны 33,75 млрд теңге болатын нысандар бар.
Боранбаев сонымен қатар тау кен орны мен газ тарату компанияларын мемлекетке қайтарды. Сондай-ақ құны 14 млрд теңге болатын газ тарату компаниясы да мемлекет
меншігіне өтті. Астананың сол жағалауындағы қонақ үйін өз еркімен мемлекетке берді.
Боранбаев – ірі кәсіпкер, Қазақстандағы, Беларусьтегі және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's жылдам тамақтану желісінің және тағы басқа ірі компаниялардың иесі. Оның қызы Әлима 2020 жылы жазда Нұрсұлтан Назарбаевтың қайтыс болған жиені Айсұлтанға тұрмысқа шыққан.