https://sputnik.kz/20231019/qazaqstan-shakhtasyndagy-ort-ali-sondirilgen-zhoq--ministr-39490226.html
Шахтадағы өрт әлі сөндірілген жоқ – министр
Шахтадағы өрт әлі сөндірілген жоқ – министр
Sputnik Қазақстан
Шәріпханов мұндай өртті сөндіру жұмыстары бір айдан бір жылға дейін жалғасуы мүмкінекенін айтты 19.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-19T12:03+0500
2023-10-19T12:03+0500
2023-10-19T12:06+0500
шахта
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/08/15/37817461_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_487b75d22cd46a58a7f42bb297416ffa.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасындағы өрттің әлі сөндірілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биыл 17 тамызда "Қазақстан" шахтасында өрт шығып, бес кенші қаза тапты. Содан бері жер астындағы өрт өшірілмей жатыр.Министрдің айтуынша, "Қазақстан" шахтасында 25 бөгет орнатылды. Ал арнайы тесіктер арқылы өрттің бар-жоғы тексеріледі."Жақында біз бір бөгетті ашып көрдік, ол жерде әлі де температура жоғары болып тұр, түтін де қалың. Сондықтан әлі де күту керек. Өртті осындай әдіспен өшіруге біраз уақыт кетеді, бір айдан бір жылға дейін жалғасуы мүмкін", - деп атап өтті Шәріпханов.
https://sputnik.kz/20230820/qutqarushylar-qazaqstan-shakhtasynda-qaza-bolgan-besinshi-kenshinin-denesin-tapty-37803575.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/15/37817461_0:0:961:720_1920x0_80_0_0_7bf05591d5c7ab32a0078edcbda0c294.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта, өрт
Шахтадағы өрт әлі сөндірілген жоқ – министр
12:03 19.10.2023 (жаңартылды: 12:06 19.10.2023) Шәріпханов мұндай өртті сөндіру жұмыстары бір айдан бір жылға дейін жалғасуы мүмкінекенін айтты
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасындағы өрттің әлі сөндірілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл 17 тамызда "Қазақстан" шахтасында өрт шығып, бес кенші қаза тапты. Содан бері жер астындағы өрт өшірілмей жатыр.
"Шахталарда өрт сөндіру – бұл ерекше процесс. Ол жерде конвейерлік таспа тұтанып, артынан өрт көмір қатпарларына ауысқан. Ондай өртті өшіру үшін алдымен жан-жақтан жауып, ауа жібермеуге тырысады. Арнайы бөгеттер қойылады. Оны гипстен жасайды. Қалыңдығы 1-3 метр болуы мүмкін", - деді Шәріпханов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, "Қазақстан" шахтасында 25 бөгет орнатылды. Ал арнайы тесіктер арқылы өрттің бар-жоғы тексеріледі.
"Жақында біз бір бөгетті ашып көрдік, ол жерде әлі де температура жоғары болып тұр, түтін де қалың. Сондықтан әлі де күту керек. Өртті осындай әдіспен өшіруге біраз уақыт кетеді, бір айдан бір жылға дейін жалғасуы мүмкін", - деп атап өтті Шәріпханов.