https://sputnik.kz/20230820/qutqarushylar-qazaqstan-shakhtasynda-qaza-bolgan-besinshi-kenshinin-denesin-tapty-37803575.html
Құтқарушылар "Қазақстан" шахтасында қаза болған бесінші кеншінің денесін тапты
Құтқарушылар "Қазақстан" шахтасында қаза болған бесінші кеншінің денесін тапты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында өрт болған "Қазақстан" шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ... 20.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-20T08:04+0500
2023-08-20T08:04+0500
2023-08-20T08:16+0500
қоғам
апат
шахта
https://sputnik.kz/img/old/1079/81/10798134_0:540:5184:3456_1920x0_80_0_0_86188bf4d547567148eddcd49d0db8e1.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында өрт болған "Қазақстан" шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.Құтқарушылар шахтердің мәйітін сағат 22:40-та тапқан.Ол 1996 жылғы Илья Старовойт болып шықты. 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл."Бұл апаттан мен қатты күйзеліп тұрмын. Біз шахталардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жүйелі түрде жұмыс істедік, ал бұл апат біздің барлық күш-жігерімізге үлкен зардап келтірді. Қазір айтуға болатын ешбір сөз жақындарынан айырылған отбасыларды жұбата алмайды. "АрселорМитталТеміртау" атынан бұл апатқа және шахтадан қызметкерлердің барлығын сәтті эвакуациялай алмағанымызға үлкен өкініш білдіремін. Біз зардап шеккен отбасыларды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.Бұған дейін АрселорМиттал Теміртау қаза тапқан төрт кеншінің аты-жөнін жариялаған болатын. Олар:Еске салсақ, 17 тамыз күні Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шықты.Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Оның 222-сі жер бетіне көтерілді. Қалған бес кеншімен байланыс үзілген.
https://sputnik.kz/20230819/smayylov-shakhtadagy-apat--kasiporyn-iesinin-kinasi-37799059.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1079/81/10798134_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_6bcd4e60cd467e139532528829e2ee08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
апат, шахта
Құтқарушылар "Қазақстан" шахтасында қаза болған бесінші кеншінің денесін тапты
08:04 20.08.2023 (жаңартылды: 08:16 20.08.2023) АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында өрт болған "Қазақстан" шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар шахтердің мәйітін сағат 22:40-та тапқан.
Ол 1996 жылғы Илья Старовойт болып шықты. 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.
"Бұл апаттан мен қатты күйзеліп тұрмын. Біз шахталардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жүйелі түрде жұмыс істедік, ал бұл апат біздің барлық күш-жігерімізге үлкен зардап келтірді. Қазір айтуға болатын ешбір сөз жақындарынан айырылған отбасыларды жұбата алмайды. "АрселорМитталТеміртау" атынан бұл апатқа және шахтадан қызметкерлердің барлығын сәтті эвакуациялай алмағанымызға үлкен өкініш білдіремін. Біз зардап шеккен отбасыларды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.
Бұған дейін АрселорМиттал Теміртау қаза тапқан төрт кеншінің аты-жөнін жариялаған болатын. Олар:
Денис Стешин, 1978 жылғы, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
Артур Халиков, 1994 жылғы, 4 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл;
Виктор Бургун, 1966 жылғы, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;
Виталий Слюньков, 1965 жылғы, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл.
Еске салсақ, 17 тамыз күні Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында өрт шықты.
Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Оның 222-сі жер бетіне көтерілді. Қалған бес кеншімен байланыс үзілген.