https://sputnik.kz/20231019/birneshe-qyzdy-zorlagan-turkistan-oblysynyn-turgyny-qamauga-alyndy-39498955.html
"Бірнеше қызды зорлаған": Түркістан облысының тұрғыны қамауға алынды
"Бірнеше қызды зорлаған": Түркістан облысының тұрғыны қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Отырар ауданының тұрғыны ұсталып, қамауға алынған 19.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-19T15:27+0500
2023-10-19T15:27+0500
2023-10-19T15:31+0500
түркістан облысы
педофил
зорлау
https://sputnik.kz/img/258/96/2589698_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_68bb88341ef2d78f2603a453a924ff7d.jpg
АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Түркістан облысында балаларға зорлық жасады деген күдікке ілінген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі."Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады", - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.Жедел-іздестіру кезінде қылмыс жасады деген күдікпен Отырар ауданының тұрғыны ұсталып, қамауға алынған.Полиция бастығы тергеу аяқталғанша жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіруден аулақ болуды сұрады."Мұндай жайттар бойынша міндетті түрде жіті бақылау болады, сондықтан сабыр сақтап, заң аясында тергеу нәтижесін күтулеріңізді сұраймын", - деп қосты ол.Айта кетері, заңгер Айман Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысының тұрғындарынан келіп түскен шағым туралы айтты. Ондағы мәліметке қарағанда, Түркістан облысының тұрғыны кәмелетке толмаған жеті қызды зорлаған. Бұл жөнінде қыздардың аналары шағым түсірген. "Бізге Түркістан облысының тұрғындары "One-Stop-Service" жобасына жүгінді, әр түрлі отбасылардан шыққан кемінде 7 қыз 1993 жылы туған ер адам тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Олардың барлығы бір тұрғын үйде және бір подъезде тұрған", - деп жазды Айман Омарова. Омарова зорлық-зомбылық фактілері туралы балалар омбудсмені Динара Закиеваға да хабарласқанын жазған.
https://sputnik.kz/20230909/turkistan-oblysynda-sottalgan-pedofil-100-milliondy-qalay-toleydi-38316596.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/258/96/2589698_0:0:1689:1267_1920x0_80_0_0_b4c3ccf64aac709d8b2ac4e380c92019.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, педофил, зорлау
түркістан облысы, педофил, зорлау
"Бірнеше қызды зорлаған": Түркістан облысының тұрғыны қамауға алынды
15:27 19.10.2023 (жаңартылды: 15:31 19.10.2023) Отырар ауданының тұрғыны ұсталып, қамауға алынған
АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Түркістан облысында балаларға зорлық жасады деген күдікке ілінген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады", - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.
Жедел-іздестіру кезінде қылмыс жасады деген күдікпен Отырар ауданының тұрғыны ұсталып, қамауға алынған.
"Менің тапсырмам бойынша арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ер адам өз кінәсін мойындады. Тиісті сараптамалар жасалады", - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов.
Полиция бастығы тергеу аяқталғанша жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіруден аулақ болуды сұрады.
"Мұндай жайттар бойынша міндетті түрде жіті бақылау болады, сондықтан сабыр сақтап, заң аясында тергеу нәтижесін күтулеріңізді сұраймын", - деп қосты ол.
Айта кетері, заңгер Айман Омарова өзінің
әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысының тұрғындарынан келіп түскен шағым туралы айтты. Ондағы мәліметке қарағанда, Түркістан облысының тұрғыны кәмелетке толмаған жеті қызды зорлаған. Бұл жөнінде қыздардың аналары шағым түсірген.
"Бізге Түркістан облысының тұрғындары "One-Stop-Service" жобасына жүгінді, әр түрлі отбасылардан шыққан кемінде 7 қыз 1993 жылы туған ер адам тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Олардың барлығы бір тұрғын үйде және бір подъезде тұрған", - деп жазды Айман Омарова.
Омарова зорлық-зомбылық фактілері туралы балалар омбудсмені Динара Закиеваға да хабарласқанын жазған.