https://sputnik.kz/20230909/turkistan-oblysynda-sottalgan-pedofil-100-milliondy-qalay-toleydi-38316596.html
Түркістан облысында сотталған педофил 100 миллионды қалай төлейді
Түркістан облысында сотталған педофил 100 миллионды қалай төлейді
Sputnik Қазақстан
Моральдық шығынды өндіріп алу міндеті сот орындаушысына жүктеледі 09.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-09T17:00+0500
2023-09-09T17:00+0500
2023-09-09T17:00+0500
педофил
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_0:293:5616:3452_1920x0_80_0_0_3c1fc69a47d306a8c0c4bf5bb12726a0.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысындағы Жібек Жолы ауылында 5 жасар қызды зорлап өлтірген педофил марқұмның отбасына 100 милллион теңгенің моральдық шығынын төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.Қылмыстық істер бойынша облыстық сот алқасының төрағасы Айдос Сұлтановтың айтуынша, моральдық шығынды өндіріп алу міндеті сот орындаушысына жүктеледі.Айта кетері, 48 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот-медицина сарапшылары оның педофилияға бейімі бар екенін анықтады. Сол себепті химиялық кастрация жасауға шешім қабылданды. Ол үшін түрмеде өмір бойы сексуалдық құмарлықты азайтатын медициналық препараттарды егіп отырады.Қылмыстың мән-жайыЕлді дүрліктірген оқиға биыл жазда болды. 13 шілде күні үйдің алдында ойнап жүрген 5 жасар Еркежан Нұрмахан жоғалып кетті. Оны бүкіл ауыл іздеді. Ал бейнебақылау камералары баланың үйден алыс кетпегенін көрсетті. 48 жастағы көрші күдікке ілінді. Оның үйіне екі рет тінту жасаған. Үшінші рет үйді тінтігенде баланың денесі табылды."Үйіне үшінші рет барғанда қораның төбесіндегі шиферді байқадым. Досым екеуміз үстіне шығып, көтеріп қалсақ, Еркежанның денесі жатыр, үстінде киімі болған жоқ", - дейді Жібек Жолы ауылының тұрғыны Ержан Ахметов.Баланың денесін пышақпен тілгілеген. Ал бетінде көгерген іздер болған. Ауыл тұрғындары педофилді өз қолымен жазаламақ болды. Үйін жағып жібере жаздады. Бірақ полиция ашуға мінген халықты тоқтатты.Педофил бұған дейін адам өлтіргені үшін түрмеде 10 жыл отырып шыққан. 2023 жылы мамыр айында денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.
https://sputnik.kz/20230907/turkistan-oblysynda-5-zhasar-qyzdy-zorlap-oltirgen-pedofilge-ukim-shygaryldy-38271636.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_312:0:5304:3744_1920x0_80_0_0_af40d9c9686411980bfb48ca46aee514.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
педофил
Түркістан облысында сотталған педофил 100 миллионды қалай төлейді
Моральдық шығынды өндіріп алу міндеті сот орындаушысына жүктеледі
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысындағы Жібек Жолы ауылында 5 жасар қызды зорлап өлтірген педофил марқұмның отбасына 100 милллион теңгенің моральдық шығынын төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Қылмыстық істер бойынша облыстық сот алқасының төрағасы Айдос Сұлтановтың айтуынша, моральдық шығынды өндіріп алу міндеті сот орындаушысына жүктеледі.
"Сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге өндірілді. Оны сот пен сот орындаушысы арқылы өндіріп алады. Сотталушының мүлкі бар-жоғын сот орындаушысы анықтайды", - деді Сұлтанов.
Айта кетері, 48 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот-медицина сарапшылары оның педофилияға бейімі бар екенін анықтады. Сол себепті химиялық кастрация жасауға шешім қабылданды. Ол үшін түрмеде өмір бойы сексуалдық құмарлықты азайтатын медициналық препараттарды егіп отырады.
Елді дүрліктірген оқиға биыл жазда болды. 13 шілде күні үйдің алдында ойнап жүрген 5 жасар Еркежан Нұрмахан жоғалып кетті. Оны бүкіл ауыл іздеді. Ал бейнебақылау камералары баланың үйден алыс кетпегенін көрсетті. 48 жастағы көрші күдікке ілінді. Оның үйіне екі рет тінту жасаған. Үшінші рет үйді тінтігенде баланың денесі табылды.
"Үйіне үшінші рет барғанда қораның төбесіндегі шиферді байқадым. Досым екеуміз үстіне шығып, көтеріп қалсақ, Еркежанның денесі жатыр, үстінде киімі болған жоқ", - дейді Жібек Жолы ауылының тұрғыны Ержан Ахметов.
Баланың денесін пышақпен тілгілеген. Ал бетінде көгерген іздер болған. Ауыл тұрғындары педофилді өз қолымен жазаламақ болды. Үйін жағып жібере жаздады. Бірақ полиция ашуға мінген халықты тоқтатты.
Педофил бұған дейін адам өлтіргені үшін түрмеде 10 жыл отырып шыққан. 2023 жылы мамыр айында денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.