Президент Транскаспий бағытын дамыту үшін хабтар желісін құруды ұсынды

© Photo : КТЖКазахстан становится транспортно-логистическим хабом Евразийского континента
Казахстан становится транспортно-логистическим хабом Евразийского континента - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Жазылу
Сонымен қатар кемелер мен контейнерлердің бірлескен өндірісін жолға қоюға мүдделіміз, деді президент
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастығының III форумында Транскаспий халықаралық көлік бағытының ерекше рөліне назар аударды.
Бұл бағдар Қытайды, Орталық Азияны және Еуропаны байланыстыратын "Бір белдеу, бір жол" бастамасының құрлықтағы көпіріне айнала алады. Осы ретте жүк тасымалдау мерзімін екі есе қысқартуға және көлік шығындарын айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді.
"Қазақстан мен Қытай арасында Транскаспий бағытын дамыту жөніндегі үкіметаралық екі келісімге қол қойылды. Жуық арада бұл келісімдер айтарлықтай нәтиже беретініне сенімдімін. Күш-жігерімізді тиімдірек үйлестіру үшін Ірі стратегиялық порттардың, логистикалық орталықтардың және пошта хабтарының серіктестік желісін құруды ұсынамын. Сонымен қатар кемелер мен контейнерлердің бірлескен өндірісін жолға қоюға мүдделіміз. Қазақстан жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдау ісін қамтамасыз ете отырып, әлемнің жетекші әуе компаниялары үшін сенімді әуе көпірі және ыңғайлы айлақ болуға дайын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, жаңа жаһандық жоба саналатын "Цифрлық Жібек жолы" бастамасы аясындағы серіктестік мол мүмкіндіктерге жол ашады.
"Цифрлық және зияткерлік ықпалдастықтың жаңа моделін құру экономикамыздың инновациялық тұрғыда дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін. "Бір белдеу, бір жол" бастамасының жаңа онжылдығында Қазақстан ортақ табысқа жетуге жан-жақты атсалысуды жалғастырады. Құрметті Төраға Си Цзиньпин, сіздің дана басшылығыңызбен ҚХР түрлі халықтардың ортақ тарихи тағдыры тұжырымдамасы негізінде Қытайдың жаңа дәуірін қалыптасыруда одан әрі зор жетістіктерге жететініне сенімдімін", – деп қорытындылады сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.
Подписание документов в Пекине - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Қазақстан мен Қытай қандай құжаттарға қол қойды
Жаңалықтар
0