Қазақстан мен Қытай қандай құжаттарға қол қойды

© Пресс-служба президента КазахстанаПодписание документов в Пекине
Подписание документов в Пекине - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
Екі елдің делегация мүшелері 5 құжатқа қол қойды
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің келіссөзі нәтижесінде екі елдің делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Олардың қатарында:
1.
Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
2.
Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім;
3.
Қазақстан Республикасы көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы "Тачэн – Аягөз" теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
4.
Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасы үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім;
5.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына рапсты экспорттау кезіндегі фитосанитариялық талаптар туралы хаттама бар.
Жаңалықтар
0