Қазақстанда алкоголь мен темекінің бағасы қымбаттайды – ұлттық экономика министрлігі

© Sputnik / Илья НаймушинАлкогольные напитки
Алкогольные напитки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Жазылу
Отандық алкоголь өнімдерінің бағасы аса қатты өзгермейді, деп есептейді министр
АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Елімізде алкоголь мен темекі қымбаттайды. Бұған АЕК-ке байланған акциздің өсуі себеп болып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда салық кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады. Құжат акциздік ставкаларды көтеруді көздейді. Ұлттық экономика министрі осы ретте бағаның қалай өзгеретінін айтты.
"Менің ойымша, баға аса қатты қымбаттамайды, бұл қазақстандық өндіріс. Алкогольдің кейбір түрлерінің акцизі төмен. Бірақ қазір жағдай өзгерді. Акциз АЕК-ке байланысты жыл сайын өсіп жатыр. Оларды номиналды түрде бір жерде бекіту мүмкін емес. Бірақ темекі, алкогольдің кейбір түрлеріне, қымбат алкогольдерге акциздер өсті", - деді министр мәжіліс аясында.
Қымбат элиталық импорттық алкоголь, акциздер мен қолданыстағы салықтардан басқа, сән-салтанатқа салық салуды жоспарлап отыр, бұл оның құнын едәуір арттырады, деп түсіндірді министр.
Оның пікірінше, жаңа салық кодексі өзгеріс енгізуі керек.
Еске сала кетейік, салық кодексіне енгізілген түзетулер аясында сыра қайнату өнімдеріне акциздер литріне 79 теңгеден 90 теңгеге дейін артады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2023
Қоғам
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
Жаңалықтар
0