https://sputnik.kz/20230504/qazaqstan-1-shilde-temeki-qymbattaydy-34568772.html
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
Sputnik Қазақстан
Қымбаттаудың екінші кезеңі 2024 жылы қаңтарда басталады
2023-05-04T15:13+0500
2023-05-04T15:13+0500
2023-05-04T15:13+0500
қоғам
темекі
https://sputnik.kz/img/old/993/52/9935261_0:100:3068:1826_1920x0_80_0_0_10f0bd9f2c7f62ffc2ce2026250b204c.jpg
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанда биыл шілде айынан бастап темекі өнімдерінің бағасы өседі. Қаржы министрінің бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді.Ашық НҚА порталында "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрық жобасы жарияланды.Құжатта 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – 710 теңге; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу ұсынылды.Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.Министрлік түсіндіргендей, бағаның өсуіне темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесінің 14%-ке ұлғаюы, импортталатын шикізат пен материалдардың қымбаттауы, логистиканың едәуір күрделенуі және инфляция себеп болып отыр.Осыған байланысты ведомство темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді орынды деп санайды.Құжат 19 мамырға дейін қоғам талқысына шығарылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/993/52/9935261_219:0:2950:2048_1920x0_80_0_0_86ee7062ea45ab9f27da78bb7a2f0af0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
темекі баға шылым сигареты
темекі баға шылым сигареты
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
Қымбаттаудың екінші кезеңі 2024 жылы қаңтарда басталады
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанда биыл шілде айынан бастап темекі өнімдерінің бағасы өседі. Қаржы министрінің бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді.
Ашық НҚА порталында "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрық жобасы
жарияланды.Құжатта 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – 710 теңге; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу ұсынылды.
Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрлік түсіндіргендей, бағаның өсуіне темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесінің 14%-ке ұлғаюы, импортталатын шикізат пен материалдардың қымбаттауы, логистиканың едәуір күрделенуі және инфляция себеп болып отыр.
Осыған байланысты ведомство темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді орынды деп санайды.
Құжат 19 мамырға дейін қоғам талқысына шығарылды.