Израильде бір қазақстандықтың қайтыс болғаны рас па - СІМ жауап берді

© Photo : официальный аккаунт МИД Казахстана в FacebookЗдание министерства иностранных дел Казахстана в Астане
Здание министерства иностранных дел Казахстана в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Жазылу
Ведомствоның айтуынша, ақпарат шындыққа жанаспайды
АЛМАТЫ, 18 қазан - Sputnik. Израильде қазақстандықтардың бірі қайтыс болып, екеуі жоғалып кеткені туралы ақпаратқа сыртқы істер министрлігі жауап берді.
Израиль сыртқы істер министрлігі бір қазақстандық қаза тауып, екеуі жоғалып кетті деген тізімді жариялаған болатын. Ал Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз жетекшісі Айбек Смадияров Sputnik Қазақстанға бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Бір қазақстандық қайтыс болып, екеуі жоғалып кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бізде бұл туралы ресми ақпарат жоқ. Израиль тарапыбұл ақпараты үшін кешірім сұрады", - дейді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, бұған дейін де Израиль жерінде қазақстандықтардың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Кейіннен израильдіктер жалған ақпараты үшін кешірім сұраған еді.
Палестинские боевики запускают ракеты в сторону Израиля из Рафаха, на юге сектора Газа - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2023
Израильде қазақстандықтар жоғалған жоқ - сыртқы істер министрлігі
Жаңалықтар
0