Инфографика

Қазақстанда киіктерді атуға неге рұқсат берілді

© SputnikСайгаки в Казахстане
Сайгаки в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
Қазақстанда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде киіктер шамадан тыс көбейіп, салдарынан қожалықтарға тиесілі шабындық пен жайылымдарды таптап, шаруаларды шығынға батырып жатыр.
Республиканың экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, киіктердің саны тарихи көрсеткіштен асып кеткен.
Министрлік ақбөкендер ауыл шаруашылығына 12 млрд теңге шығын әкелгенін алға тартты. Сол себепті ату немесе аулау арқылы киік санын реттеу қолға алынып отыр.
Осы жабайы дала аңының Қазақстандағы саны туралы толығырақ инфографикадан көруге болады.
2003 жылғы санақ бойынша Қазақстанда киіктің саны 21 мыңға әрең жететін. Сондықтан жануарды аулауға тыйым салынды. Ал жиырма жылдың ішінде 2 миллионға жетті. 300 мыңнан астам ақбөкен санын қысқарту керек.
Қазақстанда киіктің үш тұқымдасы бар, олар: Бетпақдала, Үстірт және Орал тұқымдастары. Кейінгі жылдары үш тұқымдас та көбейе бастаған.
Сайгаки в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2023
Қазақстанда киіктерді ату басталады
Жаңалықтар
0