https://sputnik.kz/20231016/qazaqstanda-kiikterdi-atu-bastalady-39380447.html
Қазақстанда киіктерді ату басталады
Қазақстанда киіктерді ату басталады
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, биологиялық негіздеме бойынша 337 мың бас киік реттелуі керек 16.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-16T12:57+0500
2023-10-16T12:57+0500
2023-10-16T12:57+0500
заңсыз киік аулау
экология
https://sputnik.kz/img/07e7/05/17/35188721_0:79:1000:642_1920x0_80_0_0_d35e4d2490d4ea15f3cee4dca5d65bb5.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік саны қалай реттелетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, киік санын басқару жөніндегі биологиялық негіздемеде популяцияны реттеудің екі тәсілі ұсынылған. Біріншісі – тор құру арқылы ұстап, етін ет өңдейтін зауыттарға жеткізу. Бұл әдіс күндіз жасалады. Екіншісі – түнде атып алу.Министрдің айтуынша, биылғы көктемгі төлді санамағанда киік саны 1 млн 950 мың басқа жетті."Жалпы киік – өсімтал мал. Келесі көктемде санақ өтеді, бірақ біз қазір ең төмен болжаммен алғанда, мысалы 30 пайызды алғанның өзінде тағы 600 мыңнан астам киік қосылып отыр. Яғни бүгінгі күні киік саны 2 млн 600 мыңның үстінде болады", - дейді ведомство басшысы.Нысанбаев "киік бұрыннан аңшылық жасайтын аңның түрі" екенін атап өтті."Біз бұрын киікті неге атқызбай келдік? Неге киік санын реттеу мәселесін қарастырған жоқпыз? Себебі ол уақытта киіктердің саны өте төмен болды. Ал қазір олардың саны тарихи көрсеткіштен асып кетті. Бүгінде киіктерден диқаншыларға 12 млрд теңге залал келгенін білесіздер. Сол себепті киік санын реттеу қажет", - деп түсіндірді министр.Ол табиғатта бұрыннан келе жатқан реттеу тәсілі қазір жұмыс істемейтінін атап өтті."Мысалы бұрын киікті кім реттейтін? Оны реттейтін қасқыр, жұт, ауру болатын. Ал қазір табиғатта ежелден келе жатқан мұндай реттеу тәсілдері жұмыс істемейді", - дейді Нысанбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/17/35188721_57:0:945:666_1920x0_80_0_0_bbb06e892b1403b5e1ea67d27f664c24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заңсыз киік аулау, экология
заңсыз киік аулау, экология
Қазақстанда киіктерді ату басталады
Министрдің айтуынша, биологиялық негіздеме бойынша 337 мың бас киік реттелуі керек
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік саны қалай реттелетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, киік санын басқару жөніндегі биологиялық негіздемеде популяцияны реттеудің екі тәсілі ұсынылған. Біріншісі – тор құру арқылы ұстап, етін ет өңдейтін зауыттарға жеткізу. Бұл әдіс күндіз жасалады. Екіншісі – түнде атып алу.
"Бүгінде біз тормен ұстау тәсілін бастадық. Бірақ соңғы екі аптада жаңбыр көп жауып, бұл тәсілді жүзеге асыру қиындық туғызды. Осыдан кейін біз биологиялық негіздемеде көрсетілген екінші тәсілді қолдануға шешім қабылдадық. Жалпы биологиялық негіздеме бойынша 337 мың бас киік реттелуі қажет. Қазір тор арқылы 91 бас киік ұсталса, екінші тәсілмен бар-жоғы 14 бас киік атып алынды", - деді Нысанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, биылғы көктемгі төлді санамағанда киік саны 1 млн 950 мың басқа жетті.
"Жалпы киік – өсімтал мал. Келесі көктемде санақ өтеді, бірақ біз қазір ең төмен болжаммен алғанда, мысалы 30 пайызды алғанның өзінде тағы 600 мыңнан астам киік қосылып отыр. Яғни бүгінгі күні киік саны 2 млн 600 мыңның үстінде болады", - дейді ведомство басшысы.
Нысанбаев "киік бұрыннан аңшылық жасайтын аңның түрі" екенін атап өтті.
"Біз бұрын киікті неге атқызбай келдік? Неге киік санын реттеу мәселесін қарастырған жоқпыз? Себебі ол уақытта киіктердің саны өте төмен болды. Ал қазір олардың саны тарихи көрсеткіштен асып кетті. Бүгінде киіктерден диқаншыларға 12 млрд теңге залал келгенін білесіздер. Сол себепті киік санын реттеу қажет", - деп түсіндірді министр.
Ол табиғатта бұрыннан келе жатқан реттеу тәсілі қазір жұмыс істемейтінін атап өтті.
"Мысалы бұрын киікті кім реттейтін? Оны реттейтін қасқыр, жұт, ауру болатын. Ал қазір табиғатта ежелден келе жатқан мұндай реттеу тәсілдері жұмыс істемейді", - дейді Нысанбаев.