https://sputnik.kz/20231016/qazaqstandyq-kseniya-balabaeva-shakhmattan-alem-chempiony-atandy-39384532.html
Қазақстандық Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық шахматшы блиц-турнирде бірінші болды 16.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-16T14:49+0500
2023-10-16T14:49+0500
2023-10-16T14:49+0500
шахмат
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/10/39378098_0:0:917:515_1920x0_80_0_0_a20945ca4f3c053a27ed4d36a6528c0a.jpg
АЛМАТЫ, 16 қазан - Sputnik. Италияның Пула қаласында 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Блиц-турнирде қазақстандық Ксения Балабаева чемпион атанды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.Ал күміс жүлдені Әмина Қайырбекова иеленді. Ерлер арасында 3-орынды Арыстан Исанжулов жеңіп алды.Рапидте Ксения Балабаева 2 орын, Зейнеп Сұлтанбек 3 орын алды.Ксения Балабаева - шахматтан Қазақстандағы жалғыз әлем чемпионы емес. 19 жастағы Бибісара Асаубаева блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы. Ол сондай-ақ Гиннестің рекордтар кітабына әйелдер арасындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы ретінде кірді. 2021 жылы жеңіске жеткен кезде ол 17 жаста еді.Сонымен қатар 23 жастағы Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионы атанып, өткен жылы неміс Бундеслигасын жеңіп алды.Бұған дейін қазақстандық шахматшылар Польшада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Бұл медаль - Қазақстан командасының әлемдік біріншіліктердегі үздік жетістігі.
https://sputnik.kz/20230326/shakhmat-federatsiyasynda-shu-shyqty-asauabaeva-abimalikti-ayyptady-33262408.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/10/39378098_0:0:917:687_1920x0_80_0_0_86b595c3f3143e0201909fef5a05a44e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахмат
Қазақстандық Ксения Балабаева шахматтан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық шахматшы блиц-турнирде бірінші болды
АЛМАТЫ, 16 қазан - Sputnik. Италияның Пула қаласында 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Блиц-турнирде қазақстандық Ксения Балабаева чемпион атанды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Ал күміс жүлдені Әмина Қайырбекова иеленді. Ерлер арасында 3-орынды Арыстан Исанжулов жеңіп алды.
Рапидте Ксения Балабаева 2 орын, Зейнеп Сұлтанбек 3 орын алды.
Ксения Балабаева - шахматтан Қазақстандағы жалғыз әлем чемпионы емес. 19 жастағы Бибісара Асаубаева блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы. Ол сондай-ақ Гиннестің рекордтар кітабына әйелдер арасындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы ретінде кірді. 2021 жылы жеңіске жеткен кезде ол 17 жаста еді.
Сонымен қатар 23 жастағы Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионы атанып, өткен жылы неміс Бундеслигасын жеңіп алды.
Бұған дейін қазақстандық шахматшылар Польшада өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Бұл медаль - Қазақстан командасының әлемдік біріншіліктердегі үздік жетістігі.