https://sputnik.kz/20230326/shakhmat-federatsiyasynda-shu-shyqty-asauabaeva-abimalikti-ayyptady-33262408.html
Шахмат федерациясында шу шықты: Асаубаева Әбдімәлікті айыптады
Шахмат федерациясында шу шықты: Асаубаева Әбдімәлікті айыптады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Шахматтан екі дүркін чемпион Бибісара Асаубаева Алматы шахмат федерациясының президенті, шахматшы Жансая Әбдімәлікті спортшыға тән... 26.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-26T10:08+0500
2023-03-26T10:08+0500
2023-03-26T11:14+0500
шахмат
https://sputnik.kz/img/07e5/06/02/17223959_0:65:3413:1985_1920x0_80_0_0_5b84981b95f767d0003c5a2a1c3da902.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Шахматтан екі дүркін чемпион Бибісара Асаубаева Алматы шахмат федерациясының президенті, шахматшы Жансая Әбдімәлікті спортшыға тән емес қылығы үшін айыптады. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жансая Әбдімәлікке бағытталған жазба қалдырды. Асаубаеваның сөзінше, шахматшылар Үндістанда өтіп жатқан гран-придің үшінші кезеңіне келген. Алайда Әбдімәлік турнирге қатысудан бас тартты. Үндістан тарапының спортшыларды күтіп алуы оның көңілнінен шықпаған. Асаубаеваның айтуынша, ол шешімі туралы турнирге бір сағат қалғанда айтқан.Жансая Әбдімәлік әріптесінің сынана жауап берді. Оның айтуынша, ол өзге әріптестерімен, оның ішінде Асаубаева да бар, ұжымдық хат жазып, гран-придің өтуін кейінге қалдыруды өтінген. Әбдімәліктің айтуынша, шахматшылар қауіпсіз әрі лайықты жағдайда ойнауға тиіс. Ол сонымен қатар ФИДЕ-ге бағытталған ұжымдық хатты да жүктеді. Жансая Әбдімәліктің айтуынша, ол хатқа Асаубаева да қол қойған. Алайда Асаубаева мұны жоққа шығарып отыр.Өз кезегінде ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович спортшылардан кешірім сұрады. "ФИДЕ атынан Үндістандағы Гран-придің лайықты ұйымдастырылмағаны үшін кешірім сұраймын. Біз келтірілген қолайсыздық үшін өкініш білдеріміз. Мұндай жағдайдың орын алуына ұйымдастыру деңгейінің төмендігі әсер еткенін түсінеміз", - деді Дворкович. Естеріңізге сала кетейік, гран-при сенбі күні өтуге тиіс еді. Алайда турнир шудан кейін кейінге қалдырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/02/17223959_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c2beae2c81c55f4e49aa85b77a891530.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахмат
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Шахматтан екі дүркін чемпион Бибісара Асаубаева Алматы шахмат федерациясының президенті, шахматшы Жансая Әбдімәлікті спортшыға тән емес қылығы үшін айыптады. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жансая Әбдімәлікке бағытталған жазба қалдырды.
Асаубаеваның сөзінше, шахматшылар Үндістанда өтіп жатқан гран-придің үшінші кезеңіне келген. Алайда Әбдімәлік турнирге қатысудан бас тартты. Үндістан тарапының спортшыларды күтіп алуы оның көңілнінен шықпаған. Асаубаеваның айтуынша, ол шешімі туралы турнирге бір сағат қалғанда айтқан.
"Бір минуттық ашу үшін турнир өтпей қалудың аз-ақ алдында тұр. Бұған соңғы минутта барлығына көз жұмып, істің байыбына бармаған бір ғана адам кінәлі. Жергілікті ұйымдастырушыларға қояр сұрағымыз көп, әрине. Алайда Жансаяға қатысты сұрағамыз одан да көп. Оның спортшыға тән емес іс-әрекеті. Керексіз жерде эмоцияға берілуі. Оның әріптестеріне қарым-қатынасы. Кәсібилікке, адалдыққа қатысты", - деп жазды Асаубаева.
Жансая Әбдімәлік әріптесінің сынана жауап берді. Оның айтуынша, ол өзге әріптестерімен, оның ішінде Асаубаева да бар, ұжымдық хат жазып, гран-придің өтуін кейінге қалдыруды өтінген. Әбдімәліктің айтуынша, шахматшылар қауіпсіз әрі лайықты жағдайда ойнауға тиіс.
Ол сонымен қатар ФИДЕ-ге бағытталған ұжымдық хатты да жүктеді. Жансая Әбдімәліктің айтуынша, ол хатқа Асаубаева да қол қойған. Алайда Асаубаева мұны жоққа шығарып отыр.
Өз кезегінде ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович спортшылардан кешірім сұрады.
"ФИДЕ атынан Үндістандағы Гран-придің лайықты ұйымдастырылмағаны үшін кешірім сұраймын. Біз келтірілген қолайсыздық үшін өкініш білдеріміз. Мұндай жағдайдың орын алуына ұйымдастыру деңгейінің төмендігі әсер еткенін түсінеміз", - деді Дворкович.
Естеріңізге сала кетейік, гран-при сенбі күні өтуге тиіс еді. Алайда турнир шудан кейін кейінге қалдырылды.