https://sputnik.kz/20231013/qazaq-tilinnin-martebesin-kusheyte-beremiz-toqaev-orys-tili-uyymy-turaly-oyyn-aytty-39347382.html
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береміз - президент
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береміз - президент
Sputnik Қазақстан
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында халықаралық орыс тілі ұйымын құруға қатысты пікір білдірді 13.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-13T16:47+0500
2023-10-13T16:47+0500
2023-10-13T17:10+0500
қасым-жомарт тоқаев
қазақ тілі
мәртебе
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39345781_0:360:3002:2048_1920x0_80_0_0_aff221e081ac721b301dffde3a52b64e.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД кеңістігінде және одан әлдеқайда кеңірек халықаралық ауқымда орыс тілін насихаттау үшін қабылданып жатқан шаралар елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту үрдісіне кері әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мемлекет басшысы алдымен ТМД-ға мүше елдер арасындағы көпжақты ықпалдастықта орыс тілі ерекше рөл атқаратынына тоқталды. Биыл ТМД-да "Орыс тілі жылы" жарияланды."Бұл ұйым дербес халықаралық құрылымға айналады, құқық субъектісі ретінде танылады. Жаңа ұйым барлық ел үшін ашық болады. Әрине, бұл – жаһандық гуманитарлық ынтымақтастық тұрғысынан өте өзекті. ТМД кеңістігінде және одан әлдеқайда кеңірек халықаралық ауқымда орыс тілін насихаттау үшін қабылданып жатқан шаралар елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту үрдісіне кері әсер етпейді. Қазақстан қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береді", – деді Тоқаев.Сондай-ақ президент ТМД елдерінің волонтерлер бірлестіктерінің күш-жігерін жұмылдыру мәселесіне назар аударды."2024 жылды ТМД-да Волонтерлік қозғалыс жылы деп жариялау бастамасын құптаймыз. Қазақстан 2020 жылды Волонтер жылы ретінде атап өтті. Еріктілердің ізгі амалдары қоғамымызда тілеулестік, мейірімділік және жанашырлық қасиеттерінің терең тамыр жаюына елеулі үлес қосады. Мұндай адамгершілік талпыныстарға жан-жақты қолдау көрсету маңызды", – деп атап көрсетті Тоқаев.Осы орайда мемлекет басшысы Достастық елдері еріктілерінің жыл сайынғы форумын өткізуді және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беруді ұсынды.Айта кетері, келесі кезекте 2024 жылдан бастап Ресей Федерациясы ТМД-ға төрағалық етеді. Кезекті саммит келесі жылы күзде Мәскеуде өтеді.
https://sputnik.kz/20231013/khalyqaralyq-orys-tili-uyymy-quryldy-39344039.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39345781_30:0:2761:2048_1920x0_80_0_0_3751eb0ca7984713949178720022303f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақ тілі, мәртебе
қасым-жомарт тоқаев, қазақ тілі, мәртебе
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береміз - президент
16:47 13.10.2023 (жаңартылды: 17:10 13.10.2023) Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында халықаралық орыс тілі ұйымын құруға қатысты пікір білдірді
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД кеңістігінде және одан әлдеқайда кеңірек халықаралық ауқымда орыс тілін насихаттау үшін қабылданып жатқан шаралар елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту үрдісіне кері әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Мемлекет басшысы алдымен ТМД-ға мүше елдер арасындағы көпжақты ықпалдастықта орыс тілі ерекше рөл атқаратынына тоқталды. Биыл ТМД-да "Орыс тілі жылы" жарияланды.
"Бұл ұйым дербес халықаралық құрылымға айналады, құқық субъектісі ретінде танылады. Жаңа ұйым барлық ел үшін ашық болады. Әрине, бұл – жаһандық гуманитарлық ынтымақтастық тұрғысынан өте өзекті. ТМД кеңістігінде және одан әлдеқайда кеңірек халықаралық ауқымда орыс тілін насихаттау үшін қабылданып жатқан шаралар елдеріміздің ұлттық бірегейлігін нығайту үрдісіне кері әсер етпейді. Қазақстан қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береді", – деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент ТМД елдерінің волонтерлер бірлестіктерінің күш-жігерін жұмылдыру мәселесіне назар аударды.
"2024 жылды ТМД-да Волонтерлік қозғалыс жылы деп жариялау бастамасын құптаймыз. Қазақстан 2020 жылды Волонтер жылы ретінде атап өтті. Еріктілердің ізгі амалдары қоғамымызда тілеулестік, мейірімділік және жанашырлық қасиеттерінің терең тамыр жаюына елеулі үлес қосады. Мұндай адамгершілік талпыныстарға жан-жақты қолдау көрсету маңызды", – деп атап көрсетті Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы Достастық елдері еріктілерінің жыл сайынғы форумын өткізуді және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беруді ұсынды.
Айта кетері, келесі кезекте 2024 жылдан бастап Ресей Федерациясы ТМД-ға төрағалық етеді. Кезекті саммит келесі жылы күзде Мәскеуде өтеді.