Халықаралық орыс тілі ұйымы құрылды

© Sputnik / Андрей Иглов / Медиабанкке өтуУчебник русского языка
Учебник русского языка - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. ТМД аумағында халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатқа Бішкекте өтіп жатқан ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды.
Оның штаб-пәтері Сочиде орналасады. Халықаралық орыс тілі ұйымын құру бастамасын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерді.
2022 жылдың қазан айында Астанада өткен мемлекет басшылары кеңесінің отырысында оны ТМД елдерінің басшылары қолдады. Бұл ретте ұйымның тұжырымдамасы бекітілді.
Владимир Путин Бішкекте өтіп жатқан ТМД мемлекет басшыларының саммитінде штаб-пәтерді Сочиде орналастыруды ұсынды.
Сондай-ақ Владимир Путин саммитте әріптестерінің әрқайсысына қазіргі орыс әдебиеті мен ТМД елдері әдебиетінің жинақтарын сыйға тартты.
Жаңалықтар
0