Палестина Газа секторындағы соққылардан 1537 адам қаза тапқанын хабарлады

© AFP 2024 / IBRAHIM HAMS Газа секторы
  Газа секторы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2023
Жазылу
Бірнеше күннің ішінде екі жақтан да мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты
АСТАНА, 13 қазан - Sputnik. Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқандар саны 1537-ге жетті, 6 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлады РИА Новости Палестина денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
"Израильдің Газа секторындағы агрессиясы салдарынан 1537 адам қаза тауып, 6612 адам жарақат алды", - делінген хабарламада.
Сенбі, 7 қазан күні палестиналық Хамас қозғалысының әскерилері Газа секторынан Израильге зымыранмен шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері Газа секторында "Темір қылыш" операциясын бастады.
Сондай-ақ Израиль Газа секторына су, азық-түлік, электр қуаты, дәрі-дәрмек және отын жеткізу тоқтатылғанын жариялады.
Екі жақтан да мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше мың израильдік пен палестиналық жараланған. Түрлі ақпарат көздеріне сәйкес, 150-ге жуық израильдік Хамастың тұтқынында болуы мүмкін.
Қазақстан азаматтары 10 қазанда Air Astana әуе компаниясының арнайы рейсімен Израильден эвакуацияланды.
Ракеты в ночном небе над сектором Газа - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Әлем
"ХАМАС" қозғалысы Бен Гурион әуежайы аймағына зымыран ұшырылғанын хабарлады
Жаңалықтар
0