https://sputnik.kz/20231009/khamas-qozgalysy-ben-gurion-auezhayy-aymagyna-zymyran-ushyrylganyn-khabarlady-39161542.html
"ХАМАС" қозғалысы Бен Гурион әуежайы аймағына зымыран ұшырылғанын хабарлады
"ХАМАС" қозғалысы Бен Гурион әуежайы аймағына зымыран ұшырылғанын хабарлады
Sputnik Қазақстан
Палестина қозғалысының әскери өкілдері де Израильдің оңтүстігіндегі Ашкелон қаласына қарай 100 зымыран ұшырылғанын да мәлімдеді 09.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-09T09:37+0500
2023-10-09T09:37+0500
2023-10-09T09:37+0500
әлем
израиль
зымыран
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39158451_0:0:3360:1890_1920x0_80_0_0_b579f8ceecad07da599aa04252c52e0d.jpg
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери қанаты болып табылатын "Әл-Кассам" бригадалары Тель-Авивтегі Бен Гурион халықаралық әуежайы бағытында зымырандардың ұшырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.Бригадалар сонымен қатар Израильдің оңтүстігіндегі Ашкелон қаласына қарай 100 зымыран бағытталғанын хабарлады.Сондай-ақ Израиль армиясы Израильдің орталығында зымыран шабуылы туралы ескертетін дабыл құрылғылары іске қосылғаны жөнінде хабарлады.Палестиналық Хамас қозғалысының әскери қанаты сенбі күні Израильге қарсы "Әл-Ақсадағы топан су" операциясын жариялады.Израиль қорғаныс күштері Газ секторында Хамасқа қарсы "Темір семсерлер" операциясын бастағанын хабарлады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху халыққа үндеуінде елдің соғыс жағдайында екенін айтып, резервтерді кеңінен жұмылдыруды тапсырғанын мәлімдеді.Jerusalem Post газеті палестиналық-израильдік қақтығыстың шиеленісуі кезінде Израильде қаза тапқандар саны 300-ден асқанын, 1,5 мыңнан астам адамның зардап шеккенін хабарлады. Палестина денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, Израильдің Газ секторына жасалған соққылар салдарынан қаза тапқандар саны 232-ге жетті, 1,7 мыңға жуық адам жарақат алды.Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тараптарды "тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі шиеленісуіне әкелетін әрекеттерге бармауға" шақырды.
https://sputnik.kz/20231008/air-astana-tel-avivke-baryp-qaytqysy-keletin-zholaushylar-ushin-balama-nusqa-izdep-zhatyr-39156234.html
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39158451_122:0:2853:2048_1920x0_80_0_0_444dc0d66cf36349461a45960a721e00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, зымыран
"ХАМАС" қозғалысы Бен Гурион әуежайы аймағына зымыран ұшырылғанын хабарлады
Палестина қозғалысының әскери өкілдері де Израильдің оңтүстігіндегі Ашкелон қаласына қарай 100 зымыран ұшырылғанын да мәлімдеді
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери қанаты болып табылатын "Әл-Кассам" бригадалары Тель-Авивтегі Бен Гурион халықаралық әуежайы бағытында зымырандардың ұшырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Әл-Кассам бригадалары жалғасып жатқан қылмыстар мен азаматтардың үйлеріне жасалған шабуылдарға жауап ретінде Бен Гурион әуежайына зымыранмен жаппай оқ жаудырды", - деп жазылған Хамастың әскери қанаты таратқан мәлімдемеде.
Бригадалар сонымен қатар Израильдің оңтүстігіндегі Ашкелон қаласына қарай 100 зымыран бағытталғанын хабарлады.
Сондай-ақ Израиль армиясы Израильдің орталығында зымыран шабуылы туралы ескертетін дабыл құрылғылары іске қосылғаны жөнінде хабарлады.
Палестиналық Хамас қозғалысының әскери қанаты сенбі күні Израильге қарсы "Әл-Ақсадағы топан су" операциясын жариялады.
Израиль қорғаныс күштері Газ секторында Хамасқа қарсы "Темір семсерлер" операциясын бастағанын хабарлады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху халыққа үндеуінде елдің соғыс жағдайында екенін айтып, резервтерді кеңінен жұмылдыруды тапсырғанын мәлімдеді.
Jerusalem Post газеті палестиналық-израильдік қақтығыстың шиеленісуі кезінде Израильде қаза тапқандар саны 300-ден асқанын, 1,5 мыңнан астам адамның зардап шеккенін хабарлады. Палестина денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, Израильдің Газ секторына жасалған соққылар салдарынан қаза тапқандар саны 232-ге жетті, 1,7 мыңға жуық адам жарақат алды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тараптарды "тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі шиеленісуіне әкелетін әрекеттерге бармауға" шақырды.