https://sputnik.kz/20231012/uy-qustary-qyrylyp-zhatyr-qaragandy-oblysyndagy-auylda-karantin-zhariyalandy-39295427.html
Үй құстары қырылып жатыр: Қарағанды облысындағы ауылда карантин жарияланды
Үй құстары қырылып жатыр: Қарағанды облысындағы ауылда карантин жарияланды
Sputnik Қазақстан
220-дан астам тауық қырылып қалған 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T08:51+0500
2023-10-12T08:51+0500
2023-10-12T08:51+0500
қарағанды облысы
карантин
құс
https://sputnik.kz/img/200/97/2009759_0:188:2973:1860_1920x0_80_0_0_ebbf03e1b19287934811e60d84045f09.jpg
АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Қарағанды облысының Ахмет ауылында үй құстары жаппай қырылып, Ньюкасл ауруы өршіп барады. Елді мекенде осыған байланысты карантин жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.Осы себепті тауық еті мен жұмыртқасын пайдалану мен сатуға шектеу қойылды. Ауыл ішінде қазан айынан бері 220-дан астам тауық қырылып қалған. Құс өлекселері мал қорымына тасталды. Мамандардың айтуынша, оларға өтемақы төленбейді. Тек сауықтыру жұмыстары ғана бюджеттен өтеледі. Ауыл аумағында тіркелген 16 мың құс вакциналаудан өтеді. Карантин зарарсыздандыру шаралары аяқталған соң 30 күннен кейін алынады."Құстар арасында Ньюкасл ауруының анықталуына байланысты Ахмет ауылының аумағына карантин белгіленсін. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінгенжергілікті әкімдіктің 6 қазандағы қаулысында.Айта кетейік, Ньюкасл ауруы – құстардың жіті және тез таралатын вирустық ауруы. Ол тыныс алу жүйесіне, асқазан-ішек жолдары мен жүйке жүйесіне әсер етіп, құстардың жаппай қырылуына себепші болады.
https://sputnik.kz/20230718/tulki-qamystyn-arasynan-atyp-shyqqan-aqtobe-oblysyndagy-auylda-karantin-zhariyalandy-36862964.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/200/97/2009759_120:0:2851:2048_1920x0_80_0_0_b50d520153ef74eb41e07b28645d3c0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, карантин, құс
қарағанды облысы, карантин, құс
Үй құстары қырылып жатыр: Қарағанды облысындағы ауылда карантин жарияланды
220-дан астам тауық қырылып қалған
АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Қарағанды облысының Ахмет ауылында үй құстары жаппай қырылып, Ньюкасл ауруы өршіп барады. Елді мекенде осыған байланысты карантин жарияланды, деп хабарлайды
24.kz. Осы себепті тауық еті мен жұмыртқасын пайдалану мен сатуға шектеу қойылды. Ауыл ішінде қазан айынан бері 220-дан астам тауық қырылып қалған. Құс өлекселері мал қорымына тасталды. Мамандардың айтуынша, оларға өтемақы төленбейді. Тек сауықтыру жұмыстары ғана бюджеттен өтеледі. Ауыл аумағында тіркелген 16 мың құс вакциналаудан өтеді. Карантин зарарсыздандыру шаралары аяқталған соң 30 күннен кейін алынады.
"Бүгінгі күні өлім-жітімнің тіркелуі тоқтады. Соңғы өлім 2 қазанда тіркелген. Бұл жабайы құстардан жұғады. Ньюкасл ауыруы – вирустық ауру. Адам денсаулығына зияны жоқ. Бұл құстардың арасында өте жіті өтуі мүмкін. Сондықтан өлім-жітімге көп ұшырайды", - дейді Ветеринарлық қадағалау комитеті Қарағанды облыстық инспекция жетекшісі Ержан Бекетбаев.
"Құстар арасында Ньюкасл ауруының анықталуына байланысты Ахмет ауылының аумағына карантин белгіленсін. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінгенжергілікті әкімдіктің 6 қазандағы қаулысында.
Айта кетейік, Ньюкасл ауруы – құстардың жіті және тез таралатын вирустық ауруы. Ол тыныс алу жүйесіне, асқазан-ішек жолдары мен жүйке жүйесіне әсер етіп, құстардың жаппай қырылуына себепші болады.