https://sputnik.kz/20230718/tulki-qamystyn-arasynan-atyp-shyqqan-aqtobe-oblysyndagy-auylda-karantin-zhariyalandy-36862964.html
Түлкі қамыстың арасынан атып шыққан: Ақтөбе облысындағы ауылда карантин жарияланды
Түлкі қамыстың арасынан атып шыққан: Ақтөбе облысындағы ауылда карантин жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында түлкі төрт жасар баланы қауып алды. Жануардан құтыру ауруы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город"... 18.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-18T15:20+0500
2023-07-18T15:20+0500
2023-07-18T15:20+0500
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/07e5/09/17/18212308_0:92:1673:1033_1920x0_80_0_0_39f9dfb3e597655fbcaf16f522a5d57a.jpg
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында түлкі төрт жасар баланы қауып алды. Жануардан құтыру ауруы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.Бұл оқиға 4 шілде күні Жаманкөл ауылында болған. Баланың әкесі жақын жерде шаруа қожалығын ұстайды. Сол күні олар отбасымен бірге суға түсуге барған. Кенеттен қамыстың арасынан түлкі атып шығып, төрт жасар балаға бас салған.Ұлды шұғыл Қобда ауруханасына жеткізді. Түлкі оны мұрнынан, маңдайынан және қабақ тұсынан тістеп алған. Сондай-ақ санын, сирағын және самайынан тырнап тастапты. Бірнеше жарақатын тігуге тура келді.Түлкіні өлтіріп, сараптамаға жіберді. Соның нәтижесінде құтыру ауруы анықталды. Балаға екпе салынды. Оны ауруханадан шығарды. Дегенмен тағы 28 күндей көрініп тұру керек.Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаровтың айтуынша, шаруа қожалығында 21 күн бойы карантин болады."Осыған байланысты ауылдан малды шығаруға және кіргізуге болмайды. Сондай-ақ ет, сүт және басқа өнімді шығаруға тыйым салынды",- деді Базаров.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/17/18212308_87:0:1587:1125_1920x0_80_0_0_d2521ad0268a827b69c3bd2d7b2ed497.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе
Түлкі қамыстың арасынан атып шыққан: Ақтөбе облысындағы ауылда карантин жарияланды
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында түлкі төрт жасар баланы қауып алды. Жануардан құтыру ауруы анықталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына
сілтеме жасап.
Бұл оқиға 4 шілде күні Жаманкөл ауылында болған. Баланың әкесі жақын жерде шаруа қожалығын ұстайды. Сол күні олар отбасымен бірге суға түсуге барған. Кенеттен қамыстың арасынан түлкі атып шығып, төрт жасар балаға бас салған.
Ұлды шұғыл Қобда ауруханасына жеткізді. Түлкі оны мұрнынан, маңдайынан және қабақ тұсынан тістеп алған. Сондай-ақ санын, сирағын және самайынан тырнап тастапты. Бірнеше жарақатын тігуге тура келді.
Түлкіні өлтіріп, сараптамаға жіберді. Соның нәтижесінде құтыру ауруы анықталды. Балаға екпе салынды. Оны ауруханадан шығарды. Дегенмен тағы 28 күндей көрініп тұру керек.
Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаровтың айтуынша, шаруа қожалығында 21 күн бойы карантин болады.
"Осыған байланысты ауылдан малды шығаруға және кіргізуге болмайды. Сондай-ақ ет, сүт және басқа өнімді шығаруға тыйым салынды",- деді Базаров.