https://sputnik.kz/20231012/ulttyq-qordyn-aqshasy-balalarga-audarylady--senat-zanga-qanday-tuzetuler-engizdi-39299508.html
Ұлттық қордың ақшасы балаларға аударылады – сенат заңға қандай түзетулер енгізді
Ұлттық қордың ақшасы балаларға аударылады – сенат заңға қандай түзетулер енгізді
Sputnik Қазақстан
Пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды төлеу қаражатын банктік шоттардан БЖЗҚ шоттарына АҚШ долларымен аудару кезінде "аударым күніне" емес, "аударым сәтіне"... 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T10:39+0500
2023-10-12T10:39+0500
2023-10-12T10:39+0500
ұлттық қор
балалар
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38595198_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_715454ac9908db1962b7e0d013407d97.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Сенат Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері туралы заңға бірнеше түзету енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сенаторлар заңды талқылау барысында кейбір ережелерін ішінара сәйкестендіру керек деп санайды."Мәселен, банк салымдарын қайтаруды реттейтін Азаматтық кодекстің және жекелеген банк операцияларын реттейтін "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" заңның нормаларында "нысаналы жинақтар" ұғымын пайдалануды болдырмау қажет. Өйткені "нысаналы жинақтар" тек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы жинақтау шоттарында болады",-дейді депутаттар.Басқа түзетулер:Барлық түзету салыстырмалы кестеге енгізіліп, мәжіліске жіберілді.
https://sputnik.kz/20231012/ulttyq-qordan-18-zhasqa-tolgan-balaga-tusetin-aqshanyn-kolemi-zhariyalandy-39297708.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38595198_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_6ab671ae3bbd1298b43bc3bb259f4587.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор, балалар
Ұлттық қордың ақшасы балаларға аударылады – сенат заңға қандай түзетулер енгізді
Пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды төлеу қаражатын банктік шоттардан БЖЗҚ шоттарына АҚШ долларымен аудару кезінде "аударым күніне" емес, "аударым сәтіне" теңгемен айырбастау көзделеді
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Сенат Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері туралы заңға бірнеше түзету енгізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенаторлар заңды талқылау барысында кейбір ережелерін ішінара сәйкестендіру керек деп санайды.
"Мәселен, банк салымдарын қайтаруды реттейтін Азаматтық кодекстің және жекелеген банк операцияларын реттейтін "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" заңның нормаларында "нысаналы жинақтар" ұғымын пайдалануды болдырмау қажет. Өйткені "нысаналы жинақтар" тек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы жинақтау шоттарында болады",-дейді депутаттар.
ұлттық әл-ауқат қоры Жалғыз акционерінің құзыретін регламенттейтін қайталанатын нормаларды алып тастау;
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңның қолданылуы тоқтатылуына байланысты "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" заңның нормаларына сәйкес келтіру;
банктер мен салымшылар арасында даулы жағдайлардың туындау тәуекелдерін болдырмау мақсатында пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды төлеу қаражатын банктік шоттардан БЖЗҚ шоттарына АҚШ долларымен аудару кезінде "аударым күніне" емес, "аударым сәтіне" теңгемен айырбастауды көздеу;
заңның кейбір ережелерін қолданыстағы заңнаманың ережелерімен сәйкестендіру.
Барлық түзету салыстырмалы кестеге енгізіліп, мәжіліске жіберілді.