Ұлттық қордан 18 жасқа толған балаға түсетін ақшаның көлемі жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинМектеп
Мектеп - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
Жазылу
Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов 18 жасқа толған баланың есепшотында қанша ақша жиналатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келесі жылдан бастап Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске қосылады. Соның аясында Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы есепшотына аударылады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде жылдық инвестициялық табыстың орташа мөлшері 5-6 процентті құрайды.
"Биыл жарты жылдың ішінде кіріс шамамен 5 проценттен асып тұр. Соның арқасында шығынның бір бөлігі өтелді. Алдағы уақытта осы оң динамика сақталады деп сенемін. Біздің есебіміз бойынша балалардың есепшотында 18 жасқа дейін 3,5 мың доллар (қазіргі курспен 1 668 730 теңге) жиналады", - деді Баймағамбетов сенаттың бүгінгі отырысында.
Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Себебі ұлттық банк оны бала 18 жасқа дейін толғанша инвестициялап отырады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.
 Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия Государственного флага и вручил офицерские звания лучшим выпускникам военных вузов
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Балалар Ұлттық қордан ақша алады – мәжіліс заңды қабылдады
Жаңалықтар
0