https://sputnik.kz/20231012/ulttyq-qordan--balalarga-senat-zandy-mazhiliske-qaytardy-39298779.html
"Ұлттық қордан – балаларға": сенат заңды мәжіліске қайтарды
"Ұлттық қордан – балаларға": сенат заңды мәжіліске қайтарды
Sputnik Қазақстан
"Ұлттық қор – балаларға" жобасы 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады 12.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-12T10:26+0500
2023-10-12T10:26+0500
2023-10-12T10:26+0500
ұлттық қор
балалар
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400117_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_3cab1f98e6994a813352e26f64f1c5db.jpg
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері туралы заңның кейбір баптарын мақұлдамады. Жоғары палата өкілдері құжаттың жаңа редакциясын мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заңға сәйкес, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы есепшотына аударылады. Бұл ақшаны баспана сатып алуға немесе білім алуға жұмсауға болады. Шетелдік жоғары оқу орнында оқу үшін пайдалануға рұқсат етіледі. Бірақ баспана тек Қазақстан аумағында ғана сатып алынуы шарт.Бала 18 жасқа толғанға дейін аударылған ақша Ұлттық қорда болады. Ұлттық банк оны қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Барлық балаға тең тәсіл қамтамасыз етіледі, яғни баланың туған күнінен бастап немесе баланың Қазақстан азаматтығын алған күнінен бастап он сегіз жасқа толғанға дейін оның бағдарламаға қатысқан тиісті жылы үшін әрбір баланың шотына бірдей сома аударылады.Шотта жиналған ақшаны 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға болады. Алайда бала азаматтығын өзгерткен немесе жоғалтқан жағдайда төлем алу құқығынан айырылады. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды.Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.Айта кетері, "Ұлттық қор – балаларға" жобасы 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады.Бүгін сенат он түзету енгізіп, заңды мәжіліске қайтарды.
https://sputnik.kz/20231012/ulttyq-qordan-18-zhasqa-tolgan-balaga-tusetin-aqshanyn-kolemi-zhariyalandy-39297708.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400117_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_1572e1b88bd63d6212857968c1401637.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор, балалар
"Ұлттық қордан – балаларға": сенат заңды мәжіліске қайтарды
"Ұлттық қор – балаларға" жобасы 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері туралы заңның кейбір баптарын мақұлдамады. Жоғары палата өкілдері құжаттың жаңа редакциясын мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңға сәйкес, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы есепшотына аударылады. Бұл ақшаны баспана сатып алуға немесе білім алуға жұмсауға болады. Шетелдік жоғары оқу орнында оқу үшін пайдалануға рұқсат етіледі. Бірақ баспана тек Қазақстан аумағында ғана сатып алынуы шарт.
Бала 18 жасқа толғанға дейін аударылған ақша Ұлттық қорда болады. Ұлттық банк оны қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Барлық балаға тең тәсіл қамтамасыз етіледі, яғни баланың туған күнінен бастап немесе баланың Қазақстан азаматтығын алған күнінен бастап он сегіз жасқа толғанға дейін оның бағдарламаға қатысқан тиісті жылы үшін әрбір баланың шотына бірдей сома аударылады.
Шотта жиналған ақшаны 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға болады. Алайда бала азаматтығын өзгерткен немесе жоғалтқан жағдайда төлем алу құқығынан айырылады. Ұлттық қордан берілетін қаражатқа салық салынбайды.
Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.
Айта кетері, "Ұлттық қор – балаларға" жобасы 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады.
Бүгін сенат он түзету енгізіп, заңды мәжіліске қайтарды.