Үкімет мемлекетке қайтарылған жерлерді халыққа мал жаю үшін беріп жатыр

© Pixabay / KanenoriПастух
Пастух - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Жазылу
Заңнамалық актілерге жайылымдарды тиімді пайдалануға қатысты өзгерістер енгізіледі
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Былтырдан бері мемлекетке 8,5 млн га астам жер қайтарылған, оның 2,8 млн гектары пайдалануға берілді. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, пайдаланылмай бос жатқан немесе бір кезде заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін, оның ішінде жайылымдарды қайтару үшін белсенді түрдежұмыс жүргізіліп жатыр.
"2022 жылдың басынан бері 8,5 млн гектардан астам жер қайтарылды, оның 2,8 млн гектары қазірдің өзінде елдің игілігіне берілді. Қайтарылған жердің көбі халыққа мал жаю үшін беріліп жатыр", - деді Дүйсенова мәжілістің жалпы отырысында.
Вице-премьер заңнамалық актілерге жайылымдарды пайдалану мәселесі бойынша өзгерістер енгізу үшін депутаттардың бастамасымен ауқымды жұмыс жасалып жатқанын атап өтті.
Бұл өзгерістер жайылымдарды басқа жер түрлеріне ауыстыруға тыйым салу, оларды мал жаю үшін резервке қою, жайылымдық жерлерді алу нормативтерін ұлғайту және басқа да нормалар арқылы жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік бермек.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Өңірлер
Ақмола облысында 285 млн теңгенің жайылымы мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар
0