Өңірлер

Ақмола облысында 285 млн теңгенің жайылымы мемлекетке қайтарылды

© Photo : СС0 / Thorsten Frenzel Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Жазылу
Осылайша Бурабай ауданында жайылым жерлердің тапшылығы 50%-ке азайды
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында прокурорлардың тексерісінен кейін фермер пайдаланбаған 30 мың гектардан астам жайылым жер мемлекетке қайтарылды.
Бурабай аудандық прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбайтынын анықтаған.
Талдау қорытындысы бойынша Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаментіне заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.
"Нәтижесінде мемлекетке ауданы 30 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 285 млн теңгені құрайтын жайылым жер қайтарылды. Ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Осылайша, аудан аумағында жайылым жерлердің тапшылығы 50%-ке қысқарды", - деп хабарлайды Ақмола облыстық прокуратурасы.
Прокуратура осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.
По дороге к озеру Кобейтуз - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Түркістан облысында 174 әкім жайылымдық жердің тапшылығын қолдан жасаған
Жаңалықтар
0