Түркістан облысында 174 әкім жайылымдық жердің тапшылығын қолдан жасаған

© Sputnik / Владислав ВодневПо дороге к озеру Кобейтуз
По дороге к озеру Кобейтуз - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Түркістан облысында жайылымдық жердің тапшылығын әкімдер қолдан жасаған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Облыста 174 әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

""Қолжетімді жайылым" жобасының аясында 174 ауыл әкімін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен жауапкершілікке тартылды. Кодекстің 498-бабы "Статистиканы қосып жазу және бұрмалау" бойынша 5 млн теңгеге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру туралы есепті "жақсы" етіп көрсету үшін шаруа қожалықтарындағы мал басын қосып жазған.
"Ал бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару Жобасын түзу және бекіту барысында қолданған. Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн. га-дан 652 мың га дейін төмендеген", - дейді ведомстводағылар.
Жайылым - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Министр қай өңірлерде жайылым тапшы екенін айтты
Жаңалықтар
0