https://sputnik.kz/20230117/ministr-qay-onirlerde-zhayylym-tapshy-ekenin-aytty-31175649.html
Министр қай өңірлерде жайылым тапшы екенін айтты
Министр қай өңірлерде жайылым тапшы екенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның он бес облысында жайылым жер тапшылығы бар. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп... 17.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-17T10:23+0500
2023-01-17T10:23+0500
2023-01-17T10:23+0500
жайылымдар
https://sputnik.kz/img/07e4/09/17/15035521_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_e9a287d4b934e1c809e3d4c38b4ad36c.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның он бес облысында жайылым жер тапшылығы бар. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр жайылым жетіспеушілігі туындап отырған уақытта елдің жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалану мәселесі бірінші орында тұруға тиіс екенін атап өтті."Республиканың 17 облысының ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы үшін 15 облыста жайылымдардың тапшылығы байқалады. Әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында", - деді Қарашөкеев үкімет отырысында.Осыған байланысты былтыр мемлекетке пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген 5,2 млн гектар жер қайтарылды. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 1,85 млн гектар алаңда өз жерлерін игеруге кіріскен.Сондай-ақ министр ғарыштық мониторинг деректері негізінде 5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша 2023 жылға арналған жоспар әзірленгенін атап өтті.Бұдан бөлек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп биыл 16 қаңтарда 2022 жылы мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылды.
https://sputnik.kz/20230117/memleketke-qaytarylgan-zherlerdi-arnayy-sayttan-koruge-bolady-31171674.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/17/15035521_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_a9161338e2a97388a82c201590d6a302.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жайылымдар
Министр қай өңірлерде жайылым тапшы екенін айтты
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның он бес облысында жайылым жер тапшылығы бар. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр жайылым жетіспеушілігі туындап отырған уақытта елдің жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалану мәселесі бірінші орында тұруға тиіс екенін атап өтті.
"Республиканың 17 облысының ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы үшін 15 облыста жайылымдардың тапшылығы байқалады. Әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында", - деді Қарашөкеев үкімет отырысында.
Осыған байланысты былтыр мемлекетке пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген 5,2 млн гектар жер қайтарылды. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 1,85 млн гектар алаңда өз жерлерін игеруге кіріскен.
Сондай-ақ министр ғарыштық мониторинг деректері негізінде 5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша 2023 жылға арналған жоспар әзірленгенін атап өтті.
Бұдан бөлек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп биыл 16 қаңтарда 2022 жылы мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы
jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылды.