https://sputnik.kz/20230117/memleketke-qaytarylgan-zherlerdi-arnayy-sayttan-koruge-bolady-31171674.html
Мемлекетке қайтарылған жерлерді арнайы сайттан көруге болады
Мемлекетке қайтарылған жерлерді арнайы сайттан көруге болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік меншікке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik... 17.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-17T08:59+0500
2023-01-17T08:59+0500
2023-01-17T10:23+0500
ауыл шаурашылығы жерлері
https://sputnik.kz/img/1430/60/14306063_0:59:1280:779_1920x0_80_0_0_5355909808d488c4d9879733dcf1e8f1.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік меншікке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін игерілмеген, заңсыз берілген және мемлекетке қайтарылған жер учаскелері туралы барлық ақпарат jerkarta.gharysh.kz геосервисінде орналастырылды."Интерактивті карта азаматтарға кез келген уақытта қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері бойынша мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді және осы учаскелерді алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға өтініш беру үшін бағдар болады. Бұл жылдар бойы пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыл шаруашылығы үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген ресми ақпаратта.Қазіргі кезде облыстар мен аудандар деңгейінде инфографиканы әзірлеу, сондай-ақ порталдың интерфейсін толтыру процесі аяқталуға жақын.Мемлекетке қайтарылған жер учаскелерін қайта бөлу жұмыстарын бақылауды аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі департаменттер, әкімдіктер мен прокуратура қызметкерлері жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры платформасында жүзеге асырады. Ал қайта бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурстарды өткізу модулін электронды сауда алаңының базасында іске асыру ұсынылып отыр.Қазіргі уақытта заңнама бойынша жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қағаз жүзінде өткізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1430/60/14306063_0:0:1280:961_1920x0_80_0_0_184b64139f33344b8666f1b02e90cfca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаурашылығы жерлері
Мемлекетке қайтарылған жерлерді арнайы сайттан көруге болады
08:59 17.01.2023 (жаңартылды: 10:23 17.01.2023) АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік меншікке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұған дейін игерілмеген, заңсыз берілген және мемлекетке қайтарылған жер учаскелері туралы барлық ақпарат
jerkarta.gharysh.kz геосервисінде орналастырылды.
"Интерактивті карта азаматтарға кез келген уақытта қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері бойынша мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді және осы учаскелерді алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға өтініш беру үшін бағдар болады. Бұл жылдар бойы пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыл шаруашылығы үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген ресми ақпаратта.
Қазіргі кезде облыстар мен аудандар деңгейінде инфографиканы әзірлеу, сондай-ақ порталдың интерфейсін толтыру процесі аяқталуға жақын.
Мемлекетке қайтарылған жер учаскелерін қайта бөлу жұмыстарын бақылауды аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі департаменттер, әкімдіктер мен прокуратура қызметкерлері жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры платформасында жүзеге асырады. Ал қайта бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурстарды өткізу модулін электронды сауда алаңының базасында іске асыру ұсынылып отыр.
Қазіргі уақытта заңнама бойынша жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қағаз жүзінде өткізіледі.