https://sputnik.kz/20231011/qay-memleketti-meken-etse-de-qazaqtyn-bir-gana-tarikhi-otany-bar--toqaev-39279655.html
Қай мемлекетті мекен етсе де, қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар – Тоқаев
Қай мемлекетті мекен етсе де, қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент мемлекет шетелде тұратын қазақтарды қолдауға қашанда баса мән беретінін атап өтті 11.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-11T16:46+0500
2023-10-11T16:46+0500
2023-10-11T16:46+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
шетелдегі қазақтар
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0d/31107254_0:0:3137:1765_1920x0_80_0_0_f8a9d9970642aad019ced5fe59a5b083.jpg
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Отандастар" форумына қатысушыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаев жиынға қатысушыларды "Отандастар" форумының ашылуымен құттықтады."Бұл – халқымыз үшін айрықша мәні бар басқосу. Қазақта "Келісіп пішкен тон келте болмас" деген сөз бар. Ата-бабамыз қашанда елдік мәселелерді алқалы жиында ақылдасып шешкен. Осы орайда шетелдегі қазақтармен жан-жақты байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және басқа да өзекті мәселелерді өздеріңізбен бірге талқылаудың маңызы зор. Қай мемлекетті мекен етсе де, қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар, ол – Қазақстан. Сондықтан біз шетелде тұратын бауырларымызды қолдауға қашанда баса мән береміз. Олардың Атажұртқа қоныс аударуына барлық жағдай жасалған", - деді президент.Айтуынша, Қазақстан азаматтығын және қандас мәртебесін алу тәртібі жеңілдетілді. Шетелдегі қазақ кәсіпкерлері үшін "Ата жолы" картасы енгізілді. Басқа да маңызды жұмыстар атқарылып жатыр.Тоқаев жиынға әлемнің әр түкпірінен арнайы келген қандастарымыз бен мәртебелі меймандарға алғыс айтып, аталған басқосуда алыстағы ағайынмен байланысты нығайтуға септігін тигізетін салиқалы ой, салмақты пікірлер айтылатынына сенім білдірді.
https://sputnik.kz/20230922/qandastar-qanday-komek-38683215.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0d/31107254_40:0:2771:2048_1920x0_80_0_0_948a2de4d307c8b4fb39c7bfdf1488dd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, шетелдегі қазақтар
қасым-жомарт тоқаев, шетелдегі қазақтар
Қай мемлекетті мекен етсе де, қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар – Тоқаев
Президент мемлекет шетелде тұратын қазақтарды қолдауға қашанда баса мән беретінін атап өтті
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Отандастар" форумына қатысушыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев жиынға қатысушыларды "Отандастар" форумының ашылуымен құттықтады.
"Бұл – халқымыз үшін айрықша мәні бар басқосу. Қазақта "Келісіп пішкен тон келте болмас" деген сөз бар. Ата-бабамыз қашанда елдік мәселелерді алқалы жиында ақылдасып шешкен. Осы орайда шетелдегі қазақтармен жан-жақты байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және басқа да өзекті мәселелерді өздеріңізбен бірге талқылаудың маңызы зор. Қай мемлекетті мекен етсе де, қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар, ол – Қазақстан. Сондықтан біз шетелде тұратын бауырларымызды қолдауға қашанда баса мән береміз. Олардың Атажұртқа қоныс аударуына барлық жағдай жасалған", - деді президент.
Айтуынша, Қазақстан азаматтығын және қандас мәртебесін алу тәртібі жеңілдетілді. Шетелдегі қазақ кәсіпкерлері үшін "Ата жолы" картасы енгізілді. Басқа да маңызды жұмыстар атқарылып жатыр.
"Қандастармен қарым-қатынасты дамыта түсуге бағытталған осындай шаралар жалғаса береді", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев жиынға әлемнің әр түкпірінен арнайы келген қандастарымыз бен мәртебелі меймандарға алғыс айтып, аталған басқосуда алыстағы ағайынмен байланысты нығайтуға септігін тигізетін салиқалы ой, салмақты пікірлер айтылатынына сенім білдірді.