Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Жазылу
Ол қаланың ойын алаңын абаттандыруға бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен пара алған
АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Есік қаласы тұрғындарының жергілікті атқарушы орган жұмысына шағымы тексерілген.
"Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Алматы облысы Есік қаласының әкімі әшкереленді. Ол қаланың ойын алаңын абаттандыруға мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді", - дейді ведомство.
Антикордың айтуынша, Есіктің экс-әкімі өз кінәсін толық мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Деньги в конверте, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
"Бұл арандатушылық": Павлодар әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғанын мойындамады
Жаңалықтар
0