"Бұл арандатушылық": Павлодар әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғанын мойындамады

© Sputnik / Болат ШайхиновДеньги в конверте, иллюстративное фото
Деньги в конверте, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Сот отырысы қазан айының басында жалғасады
ПАВЛОДАР, 26 қыркүйек - Sputnik. Павлодардың №2 соты облыс орталығы әкімінің орынбасарына қатысті істі қарап жатыр. Экс-орынбасар ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Прокурор жариялаған айыптау актісінде Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровқа орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1,8 миллион теңге алды деген айып тағылған.
"Строй Болашақ" ЖШС Павлодар әкімшілігі қарамағындағы Кенжекөл ауылындағы жолдарды жөндеген. Жұмыстың орындалған бөлігі үшін ауыл әкімдігі фирмаға 18,2 миллион теңге аударуы тиіс болған.
Алайда жолдардың сапасын бақылау үшін келген қала әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаров толтырылған қиыршық тас фракцияға сәйкес келмейтінін байқап, оны ауыстыруды талап еткен. Жұмыстарға тапсырыс беруші Кенжекөл әкіміне кемшіліктер жойылғанға дейін ЖШС-ға төлем жасамауды бұйырған.
Бірақ 6 маусымда ауыл әкімі орындалған жұмыстар актілерінің негізінде мердігерге 18,2 миллион теңге аударған.
Ал қала әкімінің орынбасары "Строй Болашақ" ЖШС директорына телефон арқылы хабарласып, одан ақша сұраған. Серіктестік басшысына Арслан Қалияқбаров журналистика күнін мерекелеу үшін 1,7-1,8 миллион теңге қажет екенін айтқан.
"Мен ол жол жөндеу үшін алған ақшаның 10 процентін сұраған екен деп ойладым", - деді кәсіпкер.
Ол сотта бұл ақшаны жол жөндеу жұмыстары үшін төлемдердің пайызы деп санайтынын түсіндірді.
"Әкімнің орынбасары маған бұл 1 миллион 800 мың екенін анық айтты. Бізбен бірге жұмыс істейтіндерден біз 10% аламыз және бұл мен жапқан 18 миллионнан екенін айтты", - деп қосты жәбірленуші.
Ол әкім орынбасары қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімін басқарған кезден бері өзара қарым-қатынасы нашар екенін айтқан.
Айыптау актісінде кәсіпкер ақшаны екіге бөліп бергені айтылды. Бірақ ол мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауы арқылы жасаған.
Ал 15 маусымда Арслан Қалияқбаров ұсталды. Оның қызметтік машинасы мен кабинетінен 1 800 000 теңге қаражат тәркіленді. Сонымен қатар шенеуніктің көлігін ауырып жатқан жүргізушіні уақытша ауыстырған әкімдік қызметкері жүргізген.
Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспеді.
"Бұл арандатушылық", - деді сотталушы прокурор Дулат Бейсембаевтың айыптау актісін оқығаннан кейін.

Тергеу барысы

Сотталушының адвокаты, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Мұхит Мұхамадиев те осындай пікірде. Ол Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында тергеу ісінің шикі тұстары барын айтты.
Адвокаттың айтуынша, тергеу тек айыптау түрінде жүргізілді. Бастапқыда пара алды деген күдік туындады, дегенмен аталған шарт бойынша Қалияқбаров тапсырыс беруші де, техникалық қадағалау қызметкері де, тексеруші де болған жоқ, деп атап өтті адвокат.
"Тінту тергеу сотының санкциясынсыз жүргізілді. Жәбірленушінің айтуынша, ол 13 маусымда антикорға өтінішпен келген. Сол күні сотқа дейінгі тергеу басталған. 15 маусымда жүргізілген тінтуге дейін агенттіктің санкция алуға уақыты болды. Бірақ іс материалдарында ол жоқ", - деді адвокат.
Сондай-ақ адвокаттың айтуынша, әкім орынбасарының қызметтік көлігін тінту мүдделі адамсыз жүргізілген.
"Қылмыстық іс материалдары бойынша, берілген параның екінші бөлігі - 800 мың теңге менің қорғаушымның кабинетінде болған. Бұл ақшаларда "пара"сөзі бар, ал көліктен табылған миллионда ешқандай жазба болған жоқ", - деп атап өтті адвокат.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастапқыда бұл жазулардың жоқ екенін білген болуы мүмкін, дейді ол.
Сондай-ақ оның қорғаушысына тәулігіне 24 сағат бойы кіре алмайтын көлігінде миллион теңге ұстаудың не үшін қажет екендігі түсініксіз.
"Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, оған ақша Антикор ғимаратында емес, кімге тиесілі екені белгісіз бір пәтерде берілген. Сонымен қатар іс материалдарында бұл пәтердің иесі оны сыбайлас жемқорлықпен күресушілердің қызметтік әрекеттері үшін берді деп айтылмаған. Антикор жеке дүкен немесе жеке детективтік агенттік емес", - дейді қорғаушы.
Ал жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, ол параның бір бөлігін әкімнің орынбасарына берген. Антикорда бәрі дұрыс рәсімделген, дәлелдемелер базасы болған.
"Онда менің қорғаушым неге бірден ұсталмады? Неліктен жәбірленуші оған параның екінші бөлігін берді?" - дейді адвокат.
Оның айтуынша, парада Арслан Қалияқбаровтың қолының ізі болмаған. Әкімнің орынбасары пара алды деген сараптама қортындысы да жоқ.
"Сондықтан менің қорғаушымның ұстанымы дұрыс: мұның бәрі – арандатушылық", - деп қорытындылады Мұхамадиев.
Сот отырысы қазан айының басында жалғасады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Павлодар әкімінің орынбасары ұсталды
Жаңалықтар
0