https://sputnik.kz/20231010/shakhterler-qanday-zhagdayda-zeynetke-erte-shygatyny-belgili-boldy-39208764.html
Шахтерлер қандай жағдайда зейнетке ерте шығатыны белгілі болды
Шахтерлер қандай жағдайда зейнетке ерте шығатыны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Еңбек министрлігі 45 миллиард теңгеге бюджет өтінімін рәсімдеген 10.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-10T11:47+0500
2023-10-10T11:47+0500
2023-10-10T11:47+0500
шахтерлер
зейнет жасы
https://sputnik.kz/img/309/86/3098641_0:80:3077:1811_1920x0_80_0_0_52fa13823b17df1dafef3b8978d4a053.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қазақстандықтар қандай жағдайда зейнетке ерте шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, тиісті заң жобасы осы жылдың соңына дейін енгізіледі. Қазір Қаржы нарығын реттеу агенттігі өмірді сақтандыру компаниясымен бірлесіп есептеулер жүргізіп жатыр.Айтуынша, қазіргі таңда еңбек министрлігі бюджет өтінімін рәсімдеген. Ол үш жылға 45 млрд теңгені құрайды.Министр арнайы төлемдерді 46 мыңға жуық жұмысшы ала алатынын атап өтті.
https://sputnik.kz/20220705/zeynet-shakhterler-togzhanov-25951704.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/309/86/3098641_346:0:3077:2048_1920x0_80_0_0_1827f7712cec70a76917480db9886c35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахтерлер, зейнет жасы
Шахтерлер қандай жағдайда зейнетке ерте шығатыны белгілі болды
Еңбек министрлігі 45 миллиард теңгеге бюджет өтінімін рәсімдеген
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қазақстандықтар қандай жағдайда зейнетке ерте шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, тиісті заң жобасы осы жылдың соңына дейін енгізіледі. Қазір Қаржы нарығын реттеу агенттігі өмірді сақтандыру компаниясымен бірлесіп есептеулер жүргізіп жатыр.
"Біз өз тарапымыздан екі шартты айқындадық – 55 жас және жеті жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасының болуы. Яғни шахтерлер осы екі критерийге сәйкес келуі керек. Мәселе жыл соңына дейін шешілуге тиіс", - деді Жақыпова үкіметте өткен брифингте.
Айтуынша, қазіргі таңда еңбек министрлігі бюджет өтінімін рәсімдеген. Ол үш жылға 45 млрд теңгені құрайды.
Министр арнайы төлемдерді 46 мыңға жуық жұмысшы ала алатынын атап өтті.