Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,7%-ке өсті

© Photo : Pixabay / Nattanan KanchanapratМонеты
Монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,1%-ті құрады
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 4,7%-ке өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биыл қантар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,7%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектор – 3,7%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 5,1%-ке өсті. Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс көрсетті", - деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,1%-ті құрады. Инвестиция ағыны көлік және қоймалауда – 59,4%-ке, саудада – 37,5%-ке, білім беруде – 23,7%-ке, ауыл шаруашылығында – 12,9%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,2%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 4,3%-ке өсті.
Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Түркістан, Павлодар және Абай облыстарында байқалды.
Министрдің ақпаратынша, 2023 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда тауар айналымы 4,2%-ке өсіп, 91,1 млрд доллар болды. Экспорт 51,2 млрд долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 16,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 39,8 млрд долларды құрады.
Жалпы, оң сауда балансы 11,4 млрд долларға тең.
Монета, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Экономика
2028 жылға қарай жалпы ішкі өнім 475 млрд долларға дейін өседі
Жаңалықтар
0