Президент "Қорқыт ата" әуежайының жаңа терминалымен танысты

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіПрезидент "Қорқыт ата" әуежайының жаңа терминалымен танысты
Президент Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалымен танысты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық стандартқа сай болатын әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалатынын атап өтті
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жасаған сапары аясында "Қорқыт ата" әуежайының жаңа жолаушылар терминалымен танысты, деп хабарлады Ақорда.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев президентке терминалының құрылысы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, жаңа терминал жеке демеушінің қаражатына салынып, кейін мемлекет меншігіне өткізіледі.
"Жоба құны – 20 миллиард теңге. Оның ішінде 15,7 миллиард теңге – демеушінің әуежай құрылысы үшін бөлген қаржысы. Сондай-ақ жергілікті бюджеттен әуежайдың сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу үшін 4,3 миллиард теңге қаржы бөлінді", - деді әкім.
Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық стандартқа сай болатын әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалатынын атап өтті.
Жаңа терминал келесі жылы пайдалануға беріледі. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін бір сағатта 250 жолаушыға қызмет көрсете алады. Түрлі бағыттарға ұшатын әуе рейстерінің саны артады.
Бұдан бөлек, облыс әкімі Қызылорда қаласында заманауи үлгіде салынып жатқан автобекеттің биыл жыл соңында іске қосылатынын және қаланың теміржол вокзалына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Тоқаев "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолын тезірек кеңейтуді тапсырды
Жаңалықтар
0