https://sputnik.kz/20231010/toqaev-batys-europa--batys-qytay-zholyn-tezirek-keneytudi-tapsyrdy-39234993.html
Тоқаев "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолын тезірек кеңейтуді тапсырды
Тоқаев "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолын тезірек кеңейтуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Жолдың Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 4 жолақты жолға ауыстыру жоспарланып отыр 10.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-10T14:42+0500
2023-10-10T14:42+0500
2023-10-10T14:42+0500
қасым-жомарт тоқаев
жол
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33436364_0:74:1280:794_1920x0_80_0_0_16f6ebc0287664c6b86c97d306aa3366.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысына "Қызылорда – Жезқазған" автожолын салу барысы туралы мәлімет берілді, деп хабарлады Ақорда.Бүгінде Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы жасалды.Сонымен қатар президентке "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығын (566 км) І санаттағы 4 жолақты жолға ауыстыру жоспарланып отырғаны туралы мәлімет берілді. Осы ретте аталған бағыттағы жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу келесі жылдан басталады.Мемлекет басшысы қазіргі жол, шын мәнінде, өте тар екенін атап өтіп, оны кеңейту жұмыстарын тезірек бастау қажеттігіне назар аударды.Президент премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға мәселені бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.Бұған қоса, президентке Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай космодром қалашығындағы ахуал туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін Ресей тарапымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажет екеніне назар аударды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33436364_107:227:961:867_1920x0_80_0_0_3647a0295b558cbc6d8622cca2af5237.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жол
Тоқаев "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолын тезірек кеңейтуді тапсырды
Жолдың Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 4 жолақты жолға ауыстыру жоспарланып отыр
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысына "Қызылорда – Жезқазған" автожолын салу барысы туралы мәлімет берілді, деп хабарлады Ақорда.
Бүгінде Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы жасалды.
Сонымен қатар президентке "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығын (566 км) І санаттағы 4 жолақты жолға ауыстыру жоспарланып отырғаны туралы мәлімет берілді. Осы ретте аталған бағыттағы жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу келесі жылдан басталады.
Мемлекет басшысы қазіргі жол, шын мәнінде, өте тар екенін атап өтіп, оны кеңейту жұмыстарын тезірек бастау қажеттігіне назар аударды.
Президент премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға мәселені бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.
Бұған қоса, президентке Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай космодром қалашығындағы ахуал туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін Ресей тарапымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажет екеніне назар аударды.