https://sputnik.kz/20231010/petropavlda-tugan-eki-balasyn-zorlagan-er-adamga-qatysty-sot-ukimi-shyqty-39199586.html
Солтүстік Қазақстанда туған екі баласын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Солтүстік Қазақстанда туған екі баласын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық соты 43 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Ол... 10.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-10T08:34+0500
2023-10-10T08:34+0500
2023-10-10T09:37+0500
петропавл
зорлау
сот
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_d00b34228e9a99484e1bad605824b910.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық соты 43 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Ол кәмелет жасқа толмаған ұлы мен қызын зорлап келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жантүршігерлік оқиға Мағжан Жұмабаев ауданында болған. Өзбекстан азаматы үш жыл бойы қызы мен ұлына қатысты бірнеше рет сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Сотта оның кінәсі толығымен дәлелденді. Сараптамалардың қорытындысы да бар.43 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері, ата-ананың жас балаға қатысты жасаған әрекеті) және 121-бабының 3-2-бөлігі (ата-ананың кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты жасаған сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері) бойынша жауапқа тартылды. Осы бапқа сәйкес 20 жыл мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жаза қарастырылған.Сотта прокурор мен жәбірленушілердің өкілдері ең қатаң жаза беруді сұрады. Ал сотталушы және оның қорғаушысы тағылған айыппен келіспеді және оны ақтауды сұрады.Судья сотталушының қылмысты мас күйінде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай ретінде таныды. Ал жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ."Сотталушының тұлғасын, аса ауыр қылмыстық істер санатына жататын жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қаупін ескеріп, сот Б.-ға ең ауыр жаза тағайындау қажеттігі туралы шешімге келді. Сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20230809/petropavlda-8-zhasar-qyzdy-zorlagan-kudikti-zhazadan-bosatyldy-37463314.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_673503435891cdd564218c12645f877c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, зорлау, сот
Солтүстік Қазақстанда туған екі баласын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
08:34 10.10.2023 (жаңартылды: 09:37 10.10.2023) АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандырылған ауданаралық соты 43 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Ол кәмелет жасқа толмаған ұлы мен қызын зорлап келген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жантүршігерлік оқиға Мағжан Жұмабаев ауданында болған. Өзбекстан азаматы үш жыл бойы қызы мен ұлына қатысты бірнеше рет сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Сотта оның кінәсі толығымен дәлелденді. Сараптамалардың қорытындысы да бар.
43 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері, ата-ананың жас балаға қатысты жасаған әрекеті) және 121-бабының 3-2-бөлігі (ата-ананың кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты жасаған сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері) бойынша жауапқа тартылды. Осы бапқа сәйкес 20 жыл мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жаза қарастырылған.
Сотта прокурор мен жәбірленушілердің өкілдері ең қатаң жаза беруді сұрады. Ал сотталушы және оның қорғаушысы тағылған айыппен келіспеді және оны ақтауды сұрады.
Судья сотталушының қылмысты мас күйінде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай ретінде таныды. Ал жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.
"Сотталушының тұлғасын, аса ауыр қылмыстық істер санатына жататын жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қаупін ескеріп, сот Б.-ға ең ауыр жаза тағайындау қажеттігі туралы шешімге келді. Сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.