Петропавлда 8 жасар қызды зорлаған күдікті жазадан босатылды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Петропавл қаласында кішкентай қызды зорлаған жігіт қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот шешімімен ол мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханаға жіберіледі, деп хабарлайды Петропавловск.news.
Елді дүрліктірген оқиға былтыр шілде айында қаладағы Подгоры ауданында болған. Бұған дейін Айыртау ауданының 27 жастағы тұрғыны ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Ал жазасын Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылына жақын түрмеде өтеп жүрген. 2021 жылы желтоқсан айында оны Петропавлдағы режимі жеңіл түрмеге ауыстырды, сотталғандар қалаға шығып, жұмыс істей алады. Ол да осы мүмкіндікті пайдаланып, бір жерге қара жұмысшы болып орналасқан.
Тергеу материалдарына сәйкес, 13 шілде күні қалаға шыққан сотталушы Подгоры жақта 8 жасар қызды зорлаған. Оны бірден құрықтады. Ал соты бір жылдан асып кетті. Судья оны қылмыстық жауапкершілікке тартпауға шешім шығарды. Себебі психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам қылмыс жасағанда өз әрекетіне есеп бере алмайтын жағдайда болған.
"Сот психологиялық-психиатриялық сараптама кезінде М.-ның қылмыс жасағанда есінбілмегені анықталды. Ол өз әрекетінің сипатын білмеді, өзін басқара алмады ", - делінген сот үкімінде.
Ал Қылмыстық кодекстің 16-бабы бойынша адам қоғам үшін қауіпті әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаса, оны қылмыстық жауапкершілікке тартпайды. Ондай адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Сот та осындай шешім қабылдады. Кішкентай қызды зорлаған жігіт психиатриялық ауруханада емделеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сотталушы 2004 жылы психиатриялық ауруханаға есепте тұрған болып шықты. Алайда ауыр қылмысы үшін түрмеге қамалған.
Жаңалықтар
0