ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 1,9%-ке төмендеді

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
Өнім өндіру көлемі тек Қазақстанда артқан
АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақта ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі төмендеді, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөзі.
Еуразиялық экономикалық одақта ауыл шаруашлығының барлық саласында 2023 жылғы қаңтар – тамызда өнім өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ке төмендеген.
Өнім өндіру көлемі тек Қазақстанда артқан. Алайда Беларуссия, Қырғызстан және Ресейде керісінше азайған.
"ЕАЭО мемлекеттерінде ауыл шаруашылығы дақылдары әлі жиналып жатыр. 1 қыркүйекте тек Арменияда астық жинау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ке өсті, ал Беларусьте астық 21,2%-ке, Қырғызстанда (тамыз айының соңында) – 40,5-ке%, Ресейде-12,4%-ке аз жиналды", - дейді Еуразиялық экономикалық комиссия мәлімдемесінде.
2023 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО-да мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері: союға арналған мал мен құс (тірі салмақта) өндірісі 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,3%-ке, сүт – 3%, жұмыртқа-1,4%-ке ұлғайды.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
ЕАЭО-ның ортақ органикалық өнім нарығы осы салаға қосымша серпін береді
Жаңалықтар
0