ЕАЭО-ның ортақ органикалық өнім нарығы осы салаға қосымша серпін береді

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
ЕАЭО-ға мүше елдерде органикалық өндірістің даму динамикасы жоғары
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның агроөнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Армен Арутюнян одақтың ортақ органикалық өнім нарығын дамыту туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алтын күз" агроөнеркәсіп көрмесі аясында "Органикалық өнім өндірісін дамыту стратегиясы" атты панельдік пікірталас өтті. Сол жерде департамент басшысы өз ойын ортаға салды. Арутюнянның айтуынша, бүгінде ЕАЭО-ға мүше елдерде органикалық өндірістің даму динамикасы жоғары.
"Сондықтан біз барлық жағдай жасауымыз керек. Атап айтқанда, қажетті инфрақұрылымды дамыту қажет. Соның ішінде куәлік беретін органдардың желісін кеңейту, электронды ресурстарды барынша дамыту сияқты шаралар бар. Одақтың ішінде органикалық өнім өндірісін арттыруға болады. Оған толық негіз бар. Біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек. Ал ЕАЭО аясында ортақ нарықты құру шаралары органикалық секторға қосымша серпін береді", - деді Арутюнян.
Оның айтуынша, комиссия сарапшылары халықаралық тәжірибені зерделеп, органикалық ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау шаралары бойынша есепті дайындады. Онда жаһандық нарықтың даму болашағы туралы ақпарат бар. Бұдан бөлек, осы салада ЕАЭО-ның жетекші елдерінің тәжірибесі де көрсетілген.
Армен Арутюнян органикалық өнім саласында кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне де баса назар аударып, ЕАЭО елдері үшін бірлескен білім беру курсын ұйымдастыруды ұсынды.
Нұржамал Ілясова - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2023
2022 жылы ЕАЭО-да контрафактілік тауарлардың көлемі екі есеге азайды
Жаңалықтар
0