https://sputnik.kz/20231006/2022-zhyly-eaeo-da-kontrafaktilik-tauarlardyn-kolemi-eki-esege-azaydy-39101693.html
2022 жылы ЕАЭО-да контрафактілік тауарлардың көлемі екі есеге азайды
2022 жылы ЕАЭО-да контрафактілік тауарлардың көлемі екі есеге азайды
Sputnik Қазақстан
Соңғы екі жылда ЕАЭО елдерінің зияткерлік меншік саласындағы заңнамасы белсенді түрде жетілдірілді 06.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-06T09:22+0500
2023-10-06T09:22+0500
2023-10-06T09:22+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/06/39100130_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_24a72445c442b5bb9b94d211d33f76c7.jpg
АСТАНА, 6 қазан – Spuinik. 2022 жылы ЕАЭО-да анықталған контрафактілік тауарлардың көлемі 8,7 миллион данаға жуықтаған – бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе аз және 2016 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш, деді Еуразиялық экономикалық комиссияның кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Нұржамал Ілиясова.Ол "Антиконтрафакт-2023" форумы аясында "Контрафактілік өнімдердің айналымына қарсы күрестің құқық қолдану тәжірибесінің жаңа тенденциялары" сессиясында сөз сөйледі, деп атап өтті ЕЭК баспасөз қызметі.Ілиясованың айтуынша, рекордтық құлдырауға қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі үрдістерді көп бағытты деп атауға болады.Соңғы екі жылда ЕАЭО елдерінің зияткерлік меншік саласындағы заңнамасы белсенді түрде жетілдірілді, деп жалғастырды Ілиясова."ЕАЭО деңгейінде біз сондай-ақ зияткерлік меншікті құқықтық қорғаудың жаңа, цифрлық іс-шараларын әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді Нұржамал Ілиясова.Еуразиялық экономикалық комиссия интернетте зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына қарсы күрестің негіздерін белгілейтін келісім жобасымен жұмысты, сондай-ақ одақ елдерінде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы деректерді іздеуге арналған ашық іздеу жүйесін құру жұмысын ілгерілетіп жатыр.Нұржамал Ілиясова комиссия ЕАЭО елдерінде одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде анықталған контрафактілік өнімдер мен ЕАЭО мемлекеттерінің ішкі нарықтарында анықталған контрафактілік өнімдерді есепке алу әдістерін кезең-кезеңімен үйлестіру жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/06/39100130_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_a2da301bd451a5baf45d3a8f457586fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
2022 жылы ЕАЭО-да контрафактілік тауарлардың көлемі екі есеге азайды
Соңғы екі жылда ЕАЭО елдерінің зияткерлік меншік саласындағы заңнамасы белсенді түрде жетілдірілді
АСТАНА, 6 қазан – Spuinik. 2022 жылы ЕАЭО-да анықталған контрафактілік тауарлардың көлемі 8,7 миллион данаға жуықтаған – бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе аз және 2016 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш, деді Еуразиялық экономикалық комиссияның кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Нұржамал Ілиясова.
Ол "Антиконтрафакт-2023" форумы аясында "Контрафактілік өнімдердің айналымына қарсы күрестің құқық қолдану тәжірибесінің жаңа тенденциялары" сессиясында сөз сөйледі, деп атап өтті ЕЭК баспасөз қызметі.
Ілиясованың айтуынша, рекордтық құлдырауға қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі үрдістерді көп бағытты деп атауға болады.
"Анықталған контрафактілік өнімдер саныбойынша әртүрлі тенденцияларды атап өту маңызды: Арменияда 20 есе, Беларусьте үш есе, Ресейде 2,2 есе, Қазақстанда 3,3 есе және Қырғызстанда 8 есе төмендеген", - деді ол.
Соңғы екі жылда ЕАЭО елдерінің зияткерлік меншік саласындағы заңнамасы белсенді түрде жетілдірілді, деп жалғастырды Ілиясова.
"ЕАЭО деңгейінде біз сондай-ақ зияткерлік меншікті құқықтық қорғаудың жаңа, цифрлық іс-шараларын әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді Нұржамал Ілиясова.
Еуразиялық экономикалық комиссия интернетте зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына қарсы күрестің негіздерін белгілейтін келісім жобасымен жұмысты, сондай-ақ одақ елдерінде қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы деректерді іздеуге арналған ашық іздеу жүйесін құру жұмысын ілгерілетіп жатыр.
Нұржамал Ілиясова комиссия ЕАЭО елдерінде одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде анықталған контрафактілік өнімдер мен ЕАЭО мемлекеттерінің ішкі нарықтарында анықталған контрафактілік өнімдерді есепке алу әдістерін кезең-кезеңімен үйлестіру жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.