Былтыр Қазақстан әуежайларында 21,1 млн жолаушыға қызмет көрсетілді

© Sputnik / Владислав ВодневСитуация в аэропорту Нур-Султана 7 января
Ситуация в аэропорту Нур-Султана 7 января - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2023
Жазылу
Жыл басынан бері еліміздегі әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артқан. Олардың саны 17 млн адамды құрады
АСТАНА, 10 қазан - Sputnik. Қазақстанда жүктерді жинақтау және тарату бойынша әуежайларды бәсекеге қабілетті және сапалы қызмет көрсететін мультимодальды орталықтар ретінде дамыту қажет. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр орталық және жергілікті атқарушы органдармен ел әуежайларының қызметін дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда азаматтық авиация саласының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетіп отыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша әуежайларда 21,1 млн жолаушыға қызмет көрсетілген, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (18,2 млн адам) 16%-ке артық. Өсу қарқыны биыл да сақталып отыр.
Кеңес барысында инфрақұрылымды дамыту, әуежайларға инвестиция тарту мәселелері қаралды.
Жеке инвестициялар есебінен Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларының әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарын салу бойынша ірі жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс келесі жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар көлік министрлігі авиаотынның жетіспеушілігі, әуежайларда арнайы техника мен жабдықтардың тозуы, тариф саясаты, сондай-ақ әуежайлардағы кедендік және салықтық рәсімдер сияқты елдің транзиттік әлеуетін дамытудың тежеуші факторларын айтты.
Роман Скляр республика әуежайларындағы мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша бірқатар тапсырма берді деп атап өтті баспасөз қызметі.
 Шымкент әуежайы. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Шымкентте жаңа әуежай терминалы іске қосылады
Жаңалықтар
0