https://sputnik.kz/20230514/shymkentte-zhana-auezhay-terminaly-iske-qosylady-34869303.html
Шымкентте жаңа әуежай терминалы іске қосылады
Шымкентте жаңа әуежай терминалы іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Шымкенттегі халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы бірнеше жылға созылды және бұған пандемия ғана кедергі емес 14.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-14T11:42+0500
2023-05-14T11:42+0500
2023-05-14T11:42+0500
шымкент
әуежай
https://sputnik.kz/img/old/1001/51/10015149_0:14:1200:689_1920x0_80_0_0_68c92354c8b21f8321cfcedf49340b0f.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Бірнеше жылдан бері ұзақ мерзімді құрылыс нысанына айналған Шымкент әуежайының терминалы жыл соңына дейін іске қосылады, деп хабарлайды 24.kz.Алдымен пандемия, одан кейін сот процесі жобаны межелі мерзімде аяқтауға мүмкіндік бермеді.Мегаполистің көлік және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, перронның құрылысы үшін инвесторға алты гектар жер жетпей қалған. Бұл жер телімі әкімдік бірнеше рет сатылымға шығарған ескі әуежайға тиесілі болған.Бірақ әлеуетті сатып алушы сату шарттарымен келіспеді. Себебі құжатқа сәйкес ол жер учаскесіне құқықты беруі керек еді. Осылайша жаңа терминалды пайдалануға беруді кейінге қалдыруға себеп болған сот процестері басталды.Бірінші сатыдағы сот пен апелляциялық алқа тендер шарттарын бәсекелестікке сәйкес емес деп таныды. Алайда бұл дауға нүкте қойған Шымкент әкімдігі Жоғарғы сотта өз ұстанымының әділ екенін дәлелдеді.Ал жаңа терминалда қасбет, шатыр, инженерлік желілер бойынша жұмыстары аяқталды. Ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, қажетті құрал-жабдықтар орнатылды.Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаевтың айтуынша, терминалды жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр."Қазір біз перрон мәселесін шешіп жатырмыз. Біз бұл мәселені инвестормен пысықтап жатырмыз. Сот талапкердің құқықтары мен мүдделері бұзылмағандықтан оның мұндай талап қоюға құқығы жоқ деп шешті ", - деді Қоқанбаев.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1001/51/10015149_119:0:1200:811_1920x0_80_0_0_e08c33f30c01045ca2e10b75cf8104bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, әуежай
Шымкентте жаңа әуежай терминалы іске қосылады
Шымкенттегі халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы бірнеше жылға созылды және бұған пандемия ғана кедергі емес
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Бірнеше жылдан бері ұзақ мерзімді құрылыс нысанына айналған Шымкент әуежайының терминалы жыл соңына дейін іске қосылады, деп хабарлайды
24.kz. Алдымен пандемия, одан кейін сот процесі жобаны межелі мерзімде аяқтауға мүмкіндік бермеді.
Мегаполистің көлік және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, перронның құрылысы үшін инвесторға алты гектар жер жетпей қалған. Бұл жер телімі әкімдік бірнеше рет сатылымға шығарған ескі әуежайға тиесілі болған.
Бірақ әлеуетті сатып алушы сату шарттарымен келіспеді. Себебі құжатқа сәйкес ол жер учаскесіне құқықты беруі керек еді. Осылайша жаңа терминалды пайдалануға беруді кейінге қалдыруға себеп болған сот процестері басталды.
Бірінші сатыдағы сот пен апелляциялық алқа тендер шарттарын бәсекелестікке сәйкес емес деп таныды. Алайда бұл дауға нүкте қойған Шымкент әкімдігі Жоғарғы сотта өз ұстанымының әділ екенін дәлелдеді.
Ал жаңа терминалда қасбет, шатыр, инженерлік желілер бойынша жұмыстары аяқталды. Ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, қажетті құрал-жабдықтар орнатылды.
Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаевтың айтуынша, терминалды жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
"Қазір біз перрон мәселесін шешіп жатырмыз. Біз бұл мәселені инвестормен пысықтап жатырмыз. Сот талапкердің құқықтары мен мүдделері бұзылмағандықтан оның мұндай талап қоюға құқығы жоқ деп шешті ", - деді Қоқанбаев.