https://sputnik.kz/20231009/zhyl-basynan-beri-memleketke-217-mlrd-tengenin-aktivteri-qaytaryldy-39185953.html
Жыл басынан бері мемлекетке 217 млрд теңгенің активтері қайтарылды
Жыл басынан бері мемлекетке 217 млрд теңгенің активтері қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуды көздеген 976 әрекет анықталып, бұғатталған 09.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-09T16:32+0500
2023-10-09T16:32+0500
2023-10-09T16:32+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23257986_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_e8a196902deab05a7411b9ca61356dc0.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Мемлекет басшысына агенттіктің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі және алдағы уақытқа арналған жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаевқа жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын активтер қайтарылғаны, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендегені жөнінде мәлімет берілді.Сонымен қатар Элиманов құқық қорғау органдарына 229 талдау материалы жолданғанын, есірткі сатушылардың қаржылық операцияларын бұғаттау тәжірибесі жолға қойылғанын айтты. Бұл жұмыс азаматтарды, әсіресе жастарды, есірткіні онлайн сатып алудан сақтайды.Оның айтуынша, есірткінің заңсыз айналымынан түсетін кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 924 банктік шот бұғатталған. Криптоактивтерді пайдалана отырып жасалатын экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімше құрылған. Крипто-әмияндарға тыйым салу және цифрлық валютаны алып қою тетігі әзірленген. Заңсыз 9 крипто алмастырғыштың қызметі жойылған. Ондағы қаржы айналымы 17 миллиард теңгеден асқан.Қазақстанда алғаш рет криптовалюта арқылы қылмыстық жолмен тапқан 47 миллион теңге табыс тәркіленіп, агенттіктің Binance криптобиржасындағы арнайы шотына салынды.Бұдан бөлек, террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуды көздеген 976 әрекет анықталып, бұғатталған.Экономикалық құқықбұзушылықтардың кейбір белгілері бойынша қылмыстық қудалауды жеңілдету (декриминализация) туралы ұсыныстар енгізілген. Бұл кәсіпкерлерді қорғау шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы адал бизнесті қорғау, қаржы және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтті.
https://sputnik.kz/20231002/qaytarylgan-aktivterdi-basqaratyn-kompaniya-qurylyp-zhatyr-38942074.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23257986_315:0:3046:2048_1920x0_80_0_0_f2624f6097635cf3f164e5ca15e4999e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Жыл басынан бері мемлекетке 217 млрд теңгенің активтері қайтарылды
Террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуды көздеген 976 әрекет анықталып, бұғатталған
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Мемлекет басшысына агенттіктің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі және алдағы уақытқа арналған жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаевқа жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын активтер қайтарылғаны, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендегені жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Элиманов құқық қорғау органдарына 229 талдау материалы жолданғанын, есірткі сатушылардың қаржылық операцияларын бұғаттау тәжірибесі жолға қойылғанын айтты. Бұл жұмыс азаматтарды, әсіресе жастарды, есірткіні онлайн сатып алудан сақтайды.
Оның айтуынша, есірткінің заңсыз айналымынан түсетін кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 924 банктік шот бұғатталған.
Криптоактивтерді пайдалана отырып жасалатын экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімше құрылған. Крипто-әмияндарға тыйым салу және цифрлық валютаны алып қою тетігі әзірленген. Заңсыз 9 крипто алмастырғыштың қызметі жойылған. Ондағы қаржы айналымы 17 миллиард теңгеден асқан.
Қазақстанда алғаш рет криптовалюта арқылы қылмыстық жолмен тапқан 47 миллион теңге табыс тәркіленіп, агенттіктің Binance криптобиржасындағы арнайы шотына салынды.
Бұдан бөлек, террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуды көздеген 976 әрекет анықталып, бұғатталған.
Экономикалық құқықбұзушылықтардың кейбір белгілері бойынша қылмыстық қудалауды жеңілдету (декриминализация) туралы ұсыныстар енгізілген. Бұл кәсіпкерлерді қорғау шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы адал бизнесті қорғау, қаржы және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтті.