Қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылып жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге, монета
Теңге, монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2023
Жазылу
Ол қайтарылған активтерді мемлекет атынан меншігіне қабылдап, мемлекет кірісіне айналдырылған активтерді сақтап, ұстайды
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды іске асыру шеңберінде Қайтарылған активтерді басқару компаниясы құру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады қаржы министрлігі.
Оның міндеті:
қайтарылған активтерді мемлекет атынан меншігіне қабылдау,
мемлекет кірісіне айналдырылған активтерді сақтау және ұстау,
активтерге билік ету, активтерді өткізуден түскен қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аудару.
Бүгінгі таңда басқарушы компанияны құру жарғылық капиталды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеу сатысында тұр.
Басқарушы компания өз қаражаты бойынша және басқарушы компанияның мүлкінің құрамына қабылданған активтер бойынша бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және бөлек қаржылық есептілікті ұсынады.
Сондай-ақ басқарушы компания өз меншігіне кіретін активтер туралы ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастыруға тиіс.
Активтерді басқарудың келесі әдістері қарастырылған:
1.
мүліктік жалдау (жалға алу/кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу);
2.
сенімгерлік басқаруға беру (кейіннен сатып алу құқығынсыз және құқығымен);
3.
консервация;
4.
іске асыру;
5.
Үкіметтің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидаларында көзделген тәртіппен активтерді мемлекет меншігіне беру;
6.
басқарушы компания айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында және актив орналасқан елдің заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер.
Активтерді сатудан түскен ақша Арнайы мемлекеттік қорға жіберіледі.
Жаңалықтар
0