Қазақстан азаматтары Израильден елге арнайы рейспен оралады - СІМ

© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
Қазіргі кезде Израильде консулдық тіркеуде 112 адам тұр. Ал тіркеуге тұрмаған қазақстандықтардың саны 400-ден асады
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Үкімет Израильде жүрген қазақстандықтарды арнайы репатриациялық рейспен алып келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде кейбір әуе компаниялары Израильге ұшақтарды жібермеуге шешім қабылдады.
“Осыған байланысты Қазақстан елшілігі Air Astana әуе компаниясымен бірлесіп, Қазақстанға оралуға ниет білдірген қазақстандықтардың тізімін жасауды, сондай-ақ оларды қауіпсіз жерге шығаруды пысықтап жатыр. Осы уақытқа дейін 118 адам Қазақстанға оралуға ниет білдірді”, - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, Тель-Авивтегі Бен Гурион атындағы әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан билетті ауыстыруға немесе басқа рейске сатып алуға мүмкіндік бар.
“Бұл ретте бір-екі күннің ішінде үкімет деңейінде Тель-Авивке жіберілетін арнайы репатриациялық рейсті жіберу мәселесі пысықталып жатыр”, - деп атап көрсетті Смадияров.
Қазіргі кезде Израильде консулдық тіркеуде 112 адам тұр. Ал тіркеуге тұрмаған қазақстандықтардың саны 400 адамнан асады.
Ракеты в ночном небе над сектором Газа - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Әлем
"ХАМАС" қозғалысы Бен Гурион әуежайы аймағына зымыран ұшырылғанын хабарлады
Жаңалықтар
0