МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған адамдарға көлік жүргізуге тыйым салынуы мүмкін

© Sputnik / Санат ИмангалиевАжар Гиният
Ажар Гиният - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
Сақтандырылмаған тұлғаларға денсаулықпен байланысты мемлекеттік қызметтерді алу кезінде шектеулер енгізу ұсынылады
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарға көлік жүргізуге тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазір қаржы жүйесі актуарлық есептеулерге сәйкес өсіп келе жатқан шығыстарды еңсере алмай отыр. Ал сақтандыру қоры өз міндеттемелерін болашақта толық орындай алмайды деп болжанып отыр. Осыған байланысты жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін министрлік бірқатар ұсыныс енгізді.
"Сақтандырылмаған тұлғаларға денсаулықпен байланысты мемлекеттік қызметтерді алу кезінде шектеулер енгізу ұсынылады. Мысалы, көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау және тағы басқалар", - деді Ғиният мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Сондай-ақ 2025 жылдан бастап әр азамат міндетті салық декларациясын тапсырады. Сол арқылы сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болады және шамамен 700 мың адамды МӘМС жүйесіне енгізу көзделген.
Табысы төмен, ауылдарда тұратын шамамен 1,5 млн адам бюджет есебінен сақтандырылады. 2026 жылға қарай халықтың кемінде 95%-ін қамту керек.
Мемлекет пен жұмыс берушілердің жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру ұсынылып отыр.
Сонымен бірге қазір 700 мың теңгеден жоғары жалақы алатын азаматтардың МӘМС жүйесіне аударымдары шектелген. Сондықтан жұмыс берушілердің аударымын есептеу үшін жоғарғы шекті (10 ең төменгі жалақы) алып тастау ұсынылады.
Бұдан бөлек бюджеттік қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайту көзделген.
"Осы шарттарды орындаған кезде Қордың орнықтылығы сақталады", - деп түйіндеді сөзін Ғиният.
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
МӘМС жүйесінде 3,3 млн адам сақтандырылмаған
Жаңалықтар
0