МӘМС жүйесінде 3,3 млн адам сақтандырылмаған

© Sputnik / Владислав ВодневМедицинское страхование
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
Олардың дені жұмыссыздар, тұрақты табысы жоқ азаматтар
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі,
Оның айтуынша, МӘМС-пен халықты қамтамасыз ету бойынша отбасылық цифрлық карта негізінде талдау жүргізілді.

"Бүгінгі таңда 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған. Бұл жұмыссыздар немесе өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, тұрақты табысы жоқ, әлеуметтік мәртебесі расталмаған азаматтар", - дейді Ғиният мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Министр цирфлық карта негізінде сақтандырылмаған, табысы төмен C, D, E санаттағы 1,5 млн адамды бюджеттік қаражат есебінен қамтуды ұсынып отыр. Бұл мақсаттарға 2025 жылдан бастап 77 млрд теңгеден 2030 жылы 85 млрд теңгеге дейін қажет болады.
Ғиният бұл шаралар халықтың кемінде 90-95%-ін қамтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жаңалықтар
0