Елорда тынысы

Елорда әкімі Тәуелсіздік даңғылындағы көпір қашан ашылатынын айтты

© Photo : Пресс-служба акима Астаны Строительство моста по улице Тауелсиздик в Астане
Строительство моста по улице Тауелсиздик в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 9 қазан - Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылыс барысымен танысқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Тәуелсіздік даңғылының бойындағы көпірдің құрылыс барысымен таныстым. Осы айдың соңында көпір үстіндегі қозғалысты ашуды жоспарлап отырмыз. Автокөлік көпірі – төрт жолақты. Көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады. Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, келер жылы Кенесары көшесінің бойында (ҚазГЮУ университеті ауданында) Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпірдің құрылысын бастаймыз. Қазір жобалау жұмысы жүріп жатыр.
"Сонымен қатар келесі жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салуға кірісеміз. Бұл қаланың жаңа бөлігіндегі Мәңгілік ел, Қабанбай батыр даңғылдарында, Түркістан, Керей-Жәнібек хандар және Айтматов көшелерінде көлік ағынын сейілтеді", - деді әкім.
Өткен жылы Ұлы Дала даңғылының бойындағы жаңа көпір мен А62 көшесінің бойында (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі учаскеде) көлік қозғалысы ашылған болатын. Бұл да бірнеше көшедегі көлік қозғалысын сейілтті.
Астана LRT жобасының бағаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2022
ЛРТ құрылысы екі-үш жылда аяқталады – Қасымбек
Жаңалықтар
0