https://sputnik.kz/20231006/zhagympazdyq-emes-kemel-toqaevtyn-mereytoyyn-otkizuge-qatysty-balaeva-pikir-bildirdi-39120489.html
"Жағымпаздық емес": Кемел Тоқаевтың мерейтойын өткізуге қатысты Балаева пікір білдірді
"Жағымпаздық емес": Кемел Тоқаевтың мерейтойын өткізуге қатысты Балаева пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, Кемел Тоқаевқа президенттің әкесі ретінде, алдымен белгілі жазушы ретінде қарау керек 06.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-06T17:22+0500
2023-10-06T17:22+0500
2023-10-06T17:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
мерейтой
аида балаева
https://sputnik.kz/img/963/07/9630792_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_2d647e102a557871e0e524bc900f75da.jpg
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойын өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде журналистер жазушы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған конференцияны өткізуге қатысты сұрақ қойды. Себебі әлеуметтік желіде "осындай жиындар арқылы президенттің жеке басына табыну бар" деген пікірлер тарады. Көкпар ұйымдастырылды, ал ҚазҰУ-да Кемел Тоқаевтың аудиториясы ашылды.Министрдің айтуынша, Кемел Тоқаевқа президенттің әкесі ретінде, алдымен белгілі жазушы ретінде қарау керек.Министр көкпарға мемлекет тарапынан ақша бөлінбегенін де айтты. Оны арнайы қор ұйымдастырды. Ал Кемел Тоқаевтың 100 мерейтойын өткізу жағымпаздық емес."Менің ойымша, мерейтой бұрын да аталып өткен. Бірақ әлеуметтік желі болмағаннан кейін ақпарат аз болды. Содан көбісі білмей қалды. 90 жылдығына да кітаптары шығарылды, конференциялар өткізілген. Жағымпаздық деп санамаймын. Оның керегі де жоқ", - деп атап көрсетті Балаева.
https://sputnik.kz/20190508/Toqaev-ata-anasy-turaly-derekter-10095900.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/963/07/9630792_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_a5b46f66fc7f6467ad6814a225334c1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мерейтой, аида балаева
қасым-жомарт тоқаев, мерейтой, аида балаева
"Жағымпаздық емес": Кемел Тоқаевтың мерейтойын өткізуге қатысты Балаева пікір білдірді
Министрдің айтуынша, Кемел Тоқаевқа президенттің әкесі ретінде, алдымен белгілі жазушы ретінде қарау керек
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойын өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде журналистер жазушы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған конференцияны өткізуге қатысты сұрақ қойды. Себебі әлеуметтік желіде "осындай жиындар арқылы президенттің жеке басына табыну бар" деген пікірлер тарады. Көкпар ұйымдастырылды, ал ҚазҰУ-да Кемел Тоқаевтың аудиториясы ашылды.
Министрдің айтуынша, Кемел Тоқаевқа президенттің әкесі ретінде, алдымен белгілі жазушы ретінде қарау керек.
"Меніңше, кішкентай аудиторияның ашылуына қатысты осындай дау-дамайдың болғаны ұят нәрсе. Біріншіден, біз Кемел Тоқаевтың тұлғасын президенттің әкесі ретінде қабылдамауымыз керек. Ол кісі белгілі жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы, кеңес үкіметі кезінде оқырман іздеп оқитын жазушылардың бірі болды. Журналистика саласына үлкен еңбек сіңірген майдангер тұлға. Екіншіден, мұндай шаралар күнде жасалып жатқан жоқ. Ол кісінің 100 жылдық мерейтойына арналып отыр. Биыл Мұзафар Әлімбаев, Тахауи Ахтанов және тағы басқа жазушылардың мерейтойы аталып өтеді", - деді Балаева.
Министр көкпарға мемлекет тарапынан ақша бөлінбегенін де айтты. Оны арнайы қор ұйымдастырды. Ал Кемел Тоқаевтың 100 мерейтойын өткізу жағымпаздық емес.
"Менің ойымша, мерейтой бұрын да аталып өткен. Бірақ әлеуметтік желі болмағаннан кейін ақпарат аз болды. Содан көбісі білмей қалды. 90 жылдығына да кітаптары шығарылды, конференциялар өткізілген. Жағымпаздық деп санамаймын. Оның керегі де жоқ", - деп атап көрсетті Балаева.