Қоғам

Тоқаевтың досы президенттің отбасы қандай екенін айтып берді

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысының сыныптасы әрі досы балалық шағында Тоқаевтың үйінде қонақта болғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыныптасы қазіргі мемлекет басшысы отбасының қарапайымдылығы мен қонақжайлығы туралы айтты. Андрей Антоненко - Қасым-Жомарт Тоқаевтың досы әрі сыныптасы. Осыдан бірнеше жыл бұрын олардың үйінде қонақта болып, ата-анасы, інісі және қарындастарымен араласқанын айтты, деп хабарлайды "Комсомольская правда - Қазақстан"

© Комсомольская правда - КазахстанҚасым-Жомарт Тоқаев, Вячеслав Константинов және Андрей Антоненко (солдан оңға қарай), 1970 жыл
Тоқаевтың досы президенттің отбасы қандай екенін айтып берді - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев, Вячеслав Константинов және Андрей Антоненко (солдан оңға қарай), 1970 жыл

"Пәтерлері өте қарапайым болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев өте салмақты, байсалды адам еді. Балалық шағында басынан өткен ауыр кезең, жақындарының айырылу, соғыс пен жарақаттың салдары болар. Алайда ол қатал көрінбейтін. Оның байыппен сөйлегені, өткір көзқарасы есімде қалды", - деді Антоненко.

Андрей Антоненко президенттің анасының қонақжайлығы туралы да айтты. Ойнап жүрген балалар үйге кірген кезде, әрқашан дастарқан жайылып, тәтті бәліш дайын тұрған екен. 

"Іні-қарындастары өте тәрбиелі болатын, үлкендерді сыйлайтын. Ата-анасы өмірден озған соң іні-қарындастары үшін Жомарт олардың орнын басты деуге болады ", - дейді Андрей Антоненко.

Сондай-ақ, президенттің досы әрі сыныптасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесіне деген құрметі туралы да айтты. 

© Sputnik / Владислав ВодневКемел Тоқаевтың еңбектері
Тоқаевтың досы президенттің отбасы қандай екенін айтып берді - Sputnik Қазақстан
Кемел Тоқаевтың еңбектері

"Жомарттың әкесіне деген құрметі бірден байқалатын. Ол кісі, расына да, өте ерекше жазушы болды. Жомарт әкесін мақтан тұтты деп ойлаймын. Алайда ешқашан әкесінің шығармашылығы туралы айтып, мақтанған емес ", - деп еске алады Андрей Антоненко. 

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаевтың "Әке туралы толғаныс" кітабы
Тоқаевтың досы президенттің отбасы қандай екенін айтып берді - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әке туралы толғаныс" кітабы

Антоненконың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев әдеби тапсырмаларға аса жақын болмаған. Алайда оның шығармалары орыс тілі және әдебиеті сабағында барша сынып алдында оқылған кездер жиі болыпты.

Жаңалықтар
0